«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы

Ақ Жол партиясының депутаты

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы жетекшісінің орынбасары

1967 ж. т., Шығыс Қазақстан облысының тумасы

Білімі:
1990 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты

2014 ж. – Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, біліктілігі DBA (экономика докторы)

Жұмыс тәжірибесі:

2010 – 2016 ж. ж. – «ГорЭлектроСеть» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (Екібастұз қ.)

2009-2010 ж. ж. – «ГорЭлектроСеть» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (Екібастұз қ.)

2008 – 2016 ж. ж. – «Мал өнімдері» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

2002 – 2008 ж. ж. – «СҮТ» АҚ Басқарма төрағасы (Павлодар қ.)

1992 – 2002 ж. ж. – «БАЕР» компаниясының президенті

1990 – 1992 ж. ж. – ҚР Энергетика министрлігі жұмыс жабдықтау басқармасының бас бухгалтерінің орынбасары

2011 жылдан бастап – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы төрағасының орынбасары

2010 – 2011 ж. ж. – «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары

Марапаттар:

«Құрмет» ордені (2013)