Құрылтай депутаты

Бибаев Бактыбек Сальбекович

Мұнай өнімдері мен сұйытылған газ тасымалдауға маманданған қазақстандық «Texol» компаниялар тобының GR-директоры.

1995 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі
2017 ж. — Қытай мұнай университеті (Бейжің), «Мұнай инженериясы» мамандығы (бакалавр);

2019 ж. — Қытай мұнай университеті (Бейжің), Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA).

Еңбек жолы

2017–2019 жж. — Қытай мұнай университетінің (Бейжің) Үздіксіз білім беру институтында аудармашы;

2018–2019 жж. — Мұнай бұрғылау жабдықтары мен арнайы техника шығаратын қытайлық «Hebei Bolu Tianbao» компаниясының ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі менеджері;

2019 ж. — Солтүстік полюстегі бұрғылау платформасында «China Oilfield Services Ltd» (COSL) компаниясының өкілі. Жоба Ресейдің қайраңдық кен орындарында геологиялық барлау жүргізетін «Газпром геологоразведка» кәсіпорнымен бірлесіп, ғаламдық деңгейдегі мұнай сервисі қызметі аясында жүзеге асырылған;

2021–2022 жж. — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері басқармасының бас сарапшысы;

2023–2024 жж. — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті Келісімшарттар және толықтырулар басқармасының бас сарапшысы;

2024 жылдан бастап — Ірі логистикалық және тасымалдау қызметін көрсететін отандық «Texol» компаниялар тобының GR-директоры.

Тілдерді меңгеруі

Қазақ тілі — ана тілі;

Орыс тілі — еркін;

Ағылшын тілі — кәсіби деңгейде еркін меңгерген;

Қытай тілі — кәсіби деңгейде еркін меңгерген.