ФИЛИАЛ ТӨРАҒАЛАРЫ

Боқаев Қанапия Сағатбекұлы

«Ақ жол» демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы

Туған күні: 1970 жылғы 27 мамыр

Тұратын жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы

Білімі:

1990–1993 жж. – Семей құрылыс техникумы, мамандығы – техник-технолог;

2007 ж. – Семей қаласындағы Қазақ қаржы-экономикалық институты, мамандығы – маркетинг;

2012 ж. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, мамандығы – экология;

2016 ж. – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы – құқықтану (магистратура).

Еңбек жолы:

01.08.1987–06.06.1988 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы «Көкпекті» кеңшарының жұмысшысы;

01.01.2000–18.08.2008 жж. – кәсіпкерлік саласында қызмет атқарды;

01.10.2008–05.02.2009 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің жетекші маманы (ШҚО, Семей қаласы);

05.02.2009–16.05.2011 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің бастығы (ШҚО, Семей қаласы);

16.05.2011–10.08.2012 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы (ШҚО, Өскемен қаласы);

10.08.2012–03.10.2012 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы (ШҚО, Өскемен қаласы);

04.12.2013–13.12.2013 жж. – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы (ШҚО, Семей қаласы);

13.12.2013–06.03.2014 жж. – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Семей қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы (ШҚО, Семей қаласы);

06.03.2014–25.09.2014 жж. – ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары (ШҚО, Өскемен қаласы);

25.09.2014–26.11.2014 жж. – ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы (ШҚО, Өскемен қаласы);

26.11.2014–20.07.2017 жж. – ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары (ШҚО, Өскемен қаласы);

20.07.2017–16.04.2019 жж. – «ГРК «Бай-Су» ЖШС техникалық директоры (геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарын жүргізу қызметі, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз), ШҚО, Өскемен қаласы;

2019 жылғы 16 сәуірден қазіргі уақытқа дейін – «QAZ Gold BK» ЖШС директоры (басқа топтамаларға енгізілмеген металл кендерін өндіру және байыту), ШҚО, Өскемен қаласы.