Парламенті VII сайланған Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП төрағасының мәслихаттармен жұмыс жөніндегі орынбасары
1971 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы.
Білімі:
1995 ж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, тарихшы;
2001 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, заңгер.
Еңбек жолы:
2021 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті VII сайланған Мәжілісінің депутаты.
2016–2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті VI сайланған Мәжілісінің депутаты.
2016 жылдан бастап – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.
2014–2016 жж. – «Токен» ЖШС директоры.
2011–2016 жж. – «Қазақстанның ұлттық индустриялық палатасы» ЗТБ атқарушы директоры.
2009–2016 жж. – «Астана қаласының Экономикалық палатасы «Атамекен одағы» ЗТБ атқарушы директоры.
2008–2016 жж. – «ҚазТуф» ЖШС директоры.
2006–2011 жж. – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атқарушы директоры.
1998–2006 жж. – Қазақстан Азаматтық партиясы Орталық комитетінің консультанты, іс басқарушысы.
1995–1998 жж. – Өскемен қаласы Ішкі істер департаментінің тергеушісі.
Марапаттары:
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2010 ж.).
«Құрмет» ордені (2018 ж.).