САЯСИ КЕҢЕС ХАТШЫЛАРЫ

Жұмағалиев Рустам Айсұлтанұлы

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің құқықтық жұмыс жөніндегі хатшысы

1981 жылы туған, Атырау қаласының тумасы.

Білімі:

2002 ж. – «Қайнар» университеті, «Құқықтану» мамандығы.

Еңбек жолы:

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақ жол» ҚДП қоғамдық бірлестігінде заңгер, директордың орынбасары, заң бөлімінің директоры, Ұлттық кеңестің хатшысы.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстанның Ұлттық индустриялық палатасы басқарма төрағасының орынбасары.

2005–2013 жж. – «Мейірім» көпсалалы медициналық орталығы» ЖШС-нің заң қызметі, кадр қызметі және сатып алу бөлімінің басшысы.

2005 ж. – Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының аға прокурор көмекшісі.

2003–2005 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы прокуратурасының прокурор көмекшісі.

2002–2003 жж. – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Заң департаментінің талап-арыз және талап қою жұмысы бөлімінің жетекші маманы.

2002 ж. – «Беркад» ЖШС-нің заңгер көмекшісі.

Марапаттары:

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі.