Құрылтай депутаты

Юсупов Ермеккалий Тулепкалиевич

«Атырау Көлік Құрылыс» ЖШС директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты.

1965 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі

1980–1984 жж. — Гурьев политехникалық техникумы («Техник-механик» мамандығы);

1984–1989 жж. — Волгоград политехникалық институты («Автомобиль көлігін пайдаланушы инженер» мамандығы);

1999–2001 жж. — Еуразия нарық институты («Экономист» мамандығы);

2012–2013 жж. — Халықаралық бизнес академиясы (Іскерлік әкімшілендіру магистрі).

Еңбек жолы

1989–1990 жж. — Гурьев автокөлік бірлестігінің жолаушылар тасымалын пайдалану бөлімінің инженері;

1990–1991 жж. — Гурьев автокөлік бірлестігінің жолаушылар тасымалын пайдалану бөлімінің бастығы;

1991–1993 жж. — Қалалық әкімдіктің өнеркәсіп, көлік, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;

1993–1995 жж. — Атырау облысы әкімдігі Экономика басқармасының өнеркәсіп және көлік бөлімінің бас маманы;

1995–1999 жж. — ҚР Экономика және сауда министрлігінің өкілі, Атырау облысы бойынша сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы;

2000–2012 жж. — «Каспий» ЖШС директоры;

2012 жылдан бастап — «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалының төрағасы, «Атырау Көлік Құрылыс» ЖШС директоры.

Мемлекеттік және қоғамдық марапаттары

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасы (2011 ж.);

«Нұр Отан» республикалық халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының Құрмет грамотасы (2010 ж.);

«Құрмет» ордені (2015 ж.).