ОРТАЛЫҚ АППАРАТ

Қожахметов Асылхан Төлеббергенұлы

Өңірлік жұмыс жөніндегі Саяси кеңестің хатшысы, Аппарат басшысы

1984 жылғы 22 қазанда Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Көркем ауылында дүниеге келген.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Білімі:

2001–2006 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Саясаттану» мамандығы.

Еңбек жолы:

2006 ж. – «Ақ жол» ҚДП қалалық филиалының бас маманы.

2011 ж. – «Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының өңірлік бөлімінің консультанты.

2012 ж. – «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты өңірлік бөлімінің директор орынбасары.

2014 ж. – «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты өңірлік бөлімінің директоры.

2018 жылдан бастап – «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің өңірлік жұмыс жөніндегі хатшысы.

Марапаттары:

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі, «Қазақ Республикасына 100 жыл» медалі.