Құрылтай депутаты

Ли Юрий Виссарионович

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты

"Қазақстанның қаржылық мәдениеті" қоғамдық қорының бас директоры, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі.

1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі

1992–1995 жж. — Алматы экономикалық колледжі («Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы);
1995–1999 жж. — «Әділет» жоғары құқық мектебі (қазіргі Каспий қоғамдық университеті), «Құқықтану» мамандығы;
2002–2004 жж. — Almaty Management University («Қаржы және несие» мамандығы).

Еңбек жолы

1999–2000 жж. — Қазақстан Республикасында ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі атқарушы дирекцияның заңгері;
1999–2001 жж. — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің (ҚазХҚжӘТУ) кафедра оқытушысы;
2000–2004 жж. — «Строймонтаж» ААҚ корпоративтік заңгері;
2001–2003 жж. — «GESTOR-DOMINUS» заң компаниясы» ЖШС директорының орынбасары;
2003–2004 жж. — «GESTOR-DOMINUS» заң компаниясы» ЖШС директоры;
2004–2007 жж. — «Caspian Investment Holding» АҚ Заң департаментінің директоры;
2006 ж. — «Банк Каспийский» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
2007 ж. — «Caspian Investment Holding» АҚ басқарушы директоры, Президент кеңесшісі;
2008–2011 жж. — «Kaspi Bank» АҚ басқарушы директоры;
2011 ж. — «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
2014–2017 жж. — «БТА Банк» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі;
2018–2021 жж. — «Қазақстанның коллекторлар ұлттық палатасы» ЗТБ (STOP-COLLECTOR.KZ жобасы) төрағасы;
2021–2023 жж. — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты (Қаржы және бюджет комитеті);
2021–2023 жж. — ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі;
2021–2025 жж. — "Қазақстанның қаржылық мәдениеті" қоғамдық қорының (STOP-PIRAMIDA.KZ жобасы) Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
2023 ж. — "Қазақстанның қаржылық мәдениеті" қоғамдық қоры бас директорының орынбасары;
2023–2025 жж. — «Sapaly Sauda» тұтынушылар одағы» РҚБ (SAPA-SAUDA.KZ жобасы) төрағасы;
2024 жылдан бастап — ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі;
2025 жылдан бастап — "Қазақстанның қаржылық мәдениеті"  қоғамдық қорының (STOP-PIRAMIDA.KZ жобасы) бас директоры.