ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ

Шалқарбеков Мұханбеталы Жеңісұлы

«Ақ жол» ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы

"1969 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылында дүниеге келген. 2000 жылы ""Құқықтану""мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін бітірген. 2009 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін ""Менеджмент"" мамандығы бойынша бітірген.

1986-1987 жылдары - Чкалов ауылының сүт-тауарлы фермасында слесарь болып, жұмыс атқарған.

1987-1989 жж. - Кеңес әскері қатарындағы міндетін атқарған.

1990-1992 жж. - АХБК Жастар орталығында жұмыс істеген.

1992-1998 жж. – Чкалов совхозы директорының Жастар ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

1998-2000 ж.ж. - ҚР ""Қазақ радиосы"" ТРК филиалында - үйлестіру және маркетинг қызметін атқарған.

2002-2004 жж. - ""Казоформление"" ЖШС - маркетинг бөлімінде жұмыс істеген.

2004 – 2006 жж. - ""National-JS"" ЖШС- ның бас директоры.

2006 – 2007 жж. - Алматы қаласы әкімдігінің ""АлматыЖер"" МКК - өндірістік бөлімінде істеген.

2008-2011 жж. - РМҚК ""Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы"" - техникалық түгендеу бөлімінің - мемлекеттік сатып алу бөлімін басқарған.

2011-2012 жж. - ""Алматы облысы Қапшағай қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы"", РМҚК-ның басқарушы орталығының басшысы қызметін атқарды.

2012-2015 жж. - ""Маркет Строй Инжиниринг"" ЖШС-ның директоры қызметін атқарған.

2014 – 2020 жж. - ""DUOS Битум Group"" ЖШС- ның құрылтайшысы.

2015 – 2020 жж. - ""Абзал Ақтас"" ЖШС- ның құрылтайшысы әрі жетекшісі.

2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлуда ""Ақ жол"" ҚДП- ның атынан Жамбыл облыстық Мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде қатысқан.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр."