Құрылтай депутаты

Шынасилова Мейраш

«Ақ жол» ҚДП Алматы облыстық филиалының төрағасы, 

«Тас өңдеу жөніндегі мамандандырылған кәсіпорын» ЖШС директорының орынбасары.

1971 жылы Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген.

Білімі

1988 ж. — Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институты;

2005 ж. — Алматы үздіксіз білім беру университеті.

Еңбек жолы

2003–2012 жж. — Жамбыл ауданында жеке кәсіпкер;

2012–2013 жж. — «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы (ҚҰЭП) Алматы облыстық филиалының директоры;

2014 жылдан бастап — «Ақ жол» ҚДП Алматы облыстық филиалының төрағасы.

Мемлекеттік және қоғамдық марапаттары

Кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес пен қоғамды топтастыруға қосқан үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін «Атамекен» одағы» ҚҰЭП Құрмет грамотасы (2009 ж.);

Павлодар қаласында өткен «Қанатты әйел» республикалық байқауының дипломы (2010 ж.);

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің мақтау қағазы (2011 ж.);

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП-ның «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі медалі (2012 ж.);

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП-ның «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалі (2013 ж.);

Қазақстан Республикасындағы саяси партияларды дамытуға қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалының Алғыс хаты (2014 ж.);

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2015 ж.);

«100 нақты қадам» және «Нұрлы жол» бағдарламаларын түсіндіруге және жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Р.А. Алпысбаевтың Мақтау қағазы (2016 ж.);

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген «Құрмет» ордені (2017 ж.).