«Ақ жол» ҚДП-ның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы
"Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы
«Ақ жол» ҚДП Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы
«Akmol Holding» компаниялар тобы» ЖШС басқарма төрағасы
1970 жылы дүниеге келген, Ақмола облысының тумасы
Білімі:
1993 ж. – Ақмола ауыл шаруашылығы институты
2005 ж. – Халықаралық бизнес академиясы, МВА
2015 ж. – IBS ҚазЭУ Халықаралық бизнес мектебі (EU Швейцария еуропалық университеті, DBA)
Жұмыс тәжірибесі: 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «Akmolа Holding» компаниялар тобы» ЖШС басқарма төрағасы
2011 ж. – «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалының төрағасы
1999 – 2015 ж. ж. – «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ директоры
1997 – 1999 ж. ж. – «Проминвест» АҚ вице-президенті
1994 – 1997 ж. ж. – «Есіл» ақ бас экономисі
1993 – 1994 ж. ж. – Жастар кәсіпкерлігін қолдау қорының директоры
1992 – 1993 ж. ж. - Ақмола облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекші маманы.
Еңбек жолын институттағы оқуымен қатар 1992 жылы бастады, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі облыстық комитетке жетекші маман лауазымына қабылданды.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.