Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. А.Смайыловқа
ҚР Бас Прокуроры
Б.Н.Асыловқа
Мемлекеттік органдардың тоқмейіл есептеріне қарамастан, елімізде шағын және орта бизнестің жағдайы нашарлап барады.
Мәселен, Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, биылғы жылдың 1 тоқсанында (өткен кезеңмен салыстырғанда) шағын өндірістердің пайдасы өткен кезеңмен салыстырғанда бірден 20%-ға немесе 1 трлн теңгеге қысқарды.
«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл жағдайды шенеуніктердің жауапсыздығы мен кәсіпкерлердің олардың заңсыз іс-әрекеттерінің алдында қорғансыз қалуының тікелей нәтижесі деп санайды.
Парламентте жұмыс істеп жүрген жылдар ішінде фракциямыздың бизнеске заңсыз келтірілген залал үшін мемлекеттік қызметшілердің жеке материалдық жауапкершілігін енгізуді ұдайы ұсынып жүргені кездейсоқ емес.
Бірақ, әрдайым бұл түзетулерді талқылаған кезде үкімет пен парламенттік көпшілік оны қабылдатпай тастайды.
Нәтижесінде, кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері заңсыз болғанын және олар келтірген залал өтелуге жататынын дәлелдей алған сирек жағдайларда, өтемақыны төлеу басын қатерге тікпейтін, экономика мен бизнеске зиян келтіруді жалғастыра беретін бюрократтарға емес, бюджетке жүктеледі.
Қазіргі уақытта бұл мәселе одан әрі шиеленісу үстінде. Осылайша, біріңғай схемалар бойынша құқықтарының өрескел бұзылуына тап болған бірқатар кәсіпорындар «Ақ жол» демпартиясына жүгінді. Бұл Алматы облысындағы «KZ Recycling» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты, Алматы қаласындағы «Нұртау Темір» ЖШС өндірістік кәсіпорны және т.б.
Кейбір жағдайларда жиырма жыл бұрын кәсіпкерлік үшін жер телімдерін алу кезінде мемлекеттік органдар барлық қажетті рұқсаттарды беріп, кәсіпкерлер инвестиция құйып, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алып, орнатып, салық төлеп, жүздеген адамды жұмыспен қамтамасыз етуде, мысалы, 900 астам адам еңбек ететін «KZ Recycling» ЖШС секілді.
Бірақ, соңғы жылдары санитарлық нормаларды бұза отырып, жергілікті биліктің қандай жолмен алынғаны белгісіз рұқсатымен өндіріс айналасындағы санитарлық аймақта тұрғын үй құрылыстары басталып кетті
Әрине, адал жолмен санитарлық аймақтан баспана сатып алған тұрғындардан өндірістік шу мен иіс-қонға қатысты арыз-шағымдар түсіп, кәсіпорынның жабылуын талап етуде.
Оралдағы «Кублей» зауытына қатысты жағдай қайталанып жатыр, шенеуніктер рұқсат қағазын беріп, артынша тұруға жарамсыз жерден баспана алып алданған адамдарды бизнеске қарсы қояды, демек, мұндай әрекеттер жаппай етек алатын секілді.
Кейбір жағдайларда, шенеуніктер бизнес құрылған кезеңде атымен болмаған санэпидережелер нормалары мен экологиялық талаптарға кері күш беріп, қысым жасауда. Соның ішінде, әлеуметтік араздықты өршітіп, кәсіпкерлерге қарсы арыздар мен тексерістер ұйымдастыру арқылы.
Мәселен, 2018-2020 жылдар аралығында «Нұртау Темір» ЖШС-де 50-ден астам жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерге тап болып, нәтижесінде ешқандай экологиялық бұзушылықтар анықталған жоқ. Жергілікті емхана кәсіпорын жұмысына байланысты аурулардың көбеюін анықтаған жоқ, ресми сараптама да атмосфералық ауа, шу және діріл нормаларының сәйкестігін растады. Алайда 2021 жылы жергілікті экология департаменті сот арқылы компанияның қызметін тоқтатуға қол жеткізді.
Қазіргі уақытта барлық әкімдіктер барлық кәсіпорындарды жабылуға не көшірілуге итермелеуде. Алайда, мыңдаған адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорын - сүйремелі тамақтану дүңгіршегі емес. Сонда банкет кімнің есебінен болады деген сұрақ туындайды?
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы қажет деп санайды:
1. ӘҚБтК-ке бизнеске залал келтірген заңсыз шешімдер үшін шенеуніктердің жеке материалдық жауапкершілігін енгізу.
Бірінші шенеуніктерді кәсіпорындарды көшіру шығынын өз қалтасынан өтеуге міндеттесе, қалғандары заңсыз шешімдер үшін пара алу туралы ойланатын болады.
2. Оралдағы өткір мәселеден сабақ алу; әуежайлардың айналасындағы құрылыстарды тексерген сияқты, жұмыс істеп тұрған зауыттардың айналасындағы санитарлық аймақтардағы құрылыстарды тексеру; заңбұзушылықтар анықталса, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын жойып, кінәлі лауазымды тұлғаларды адамдар мен кәсіпорындарға келтірілген залалды өтеуге міндеттеу.
3. Мемлекеттік органдардың шешімдеріне және осындай шешімдермен олардың санитарлық аймақтарының бұзылуына байланысты жағдайларда мәжбүрлеп көшіру бойынша кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау мәселесін қарау.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары