29
Қазан

29.10.2025

"Ақ жол" демпартиясы ҚК түзетулері қабылдануына байланысты кәсіпкерлерді ҰҚТ құрды деп айыптауды тоқтатуды талап етті

ҚР Премьер-министрі

О. Бектеновке 

ҚР Бас прокуроры

Б. Асыловқа 

ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы

Д. Малаховқа

Бүгін, 29 қазанда, Қазақстанда тұңғыш рет Кәсіпкерлер күні аталып өтуде, бұл екі миллионнан астам азаматтарымыздың кәсіби мерекесі, осыдан 4 күн бұрын Президент Қ. Тоқаев атап өткендей олар "табанды еңбегімен жаңа жұмыс орындарын құрып, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлесін қосып жүр.

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан бизнес өкілдеріне бастамалары, батылдықтары, ұстамдылық пен адалдықтары үшін алғыс айтамыз.

Партиямыз кәсіпкерлердің құқықтарын, бизнес жүргізу үшін әділ әрі тұрақты жағдайлар жасауды дәйекті және принципті түрде қорғап келеді.

Дегенмен, заң шығаруда үлкен еңбекпен қол жеткізілген нәтижелердің өзі кейде атқарушы органдардың саботажына ұшырайды.

Атап айтқанда, бұл кәсіпкерлерді тек еңбек ұжымы ішінде лауазымдық міндеттерді бөлу негізінде ғана ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптаудың заңсыздығына қатысты, бұл құқық қорғау органдарына адамды ұзақ мерзімді қамауға алуға және дәлелдемелер жинаудың орнына осындай қысыммен  тұтқындардан кез келген қажетті айғақты алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, бірнеше жылдық пікірталастардан кейін «Ақ жол» демпартиясының депутаттары ақыры Қылмыстық кодекстің 31-бабына түзету енгізе алды, оған сәйкес «Ұйымдардың құрылтайшылары, басшылары және қызметкерлері тек олардың ұйымдық-штаттық құрылымына немесе бірлескен қызмет фактісіне байланысты қылмыстық топ ретінде таныла алмайды... Егер ұйымдар қасақана қылмыс жасау үшін саналы түрде құрылған болмаса».

Бұл түзетуді біз енгіздік және басқа фракциялар Президенттің 2023 жылғы Жолдауындағы экономиканы қылмыссыздандыру туралы талабына негізінде қолдап, аталмыш түзету шілдеде қабылданып, биылғы жылдың 17 қыркүйегінде күшіне енді.

Оған қоса, Конституциялық Сот та осыған ұқсас #72-НП  қаулысын қабылдады.

Соған қарамастан, «Ақ жол» демпартиясына кәсіпкерлер мен олардың адвокаттарынан тергеу және сот органдарының заңды және Конституциялық Сот ұстанымын елемей, қылмыс құрамы болмаса да, бір компания ішіндегі өзара әрекеттесуді желеу етіп кәсіпкерлерге қарсы ұйымдасқан қылмыс жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғауды және қарауды жалғастырып жатқаны туралы шағымдар келіп түсуде.

Заңға енгізілген түзетулердің күшіне енгенін, Конституциялық Соттың шешіміне қатысты адвокаттардың нұсқауларына жауап ретінде тергеу және соттар Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысы арқылы оларды қолдану тәртібінің түсіндірілмегенін алға тартады.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 6-бабына сәйкес, «іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын немесе адамның жағдайын басқаша түрде жақсартатын заң кері күшке ие және мұндай заң күшіне енгенге дейін әрекеттер жасаған адамдарға да қолданылады».

Тергеу және сот органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтар құрды деп айыпталған кәсіпкерлерге қатысты істерді басқа нақты бұзушылықтар болмаған жағдайда тоқтатудан бас тартуы - бұл мүлтіксіз орындалуы тиіс Қылмыстық кодекстің нормаларын және Конституциялық Соттың қаулысын өрескел бұзу.

Бұл қылмысқа қарсы күрес емес, керісінше, бизнесті жасанды түрде қылмыстық жауапкершілікке тарту және мемлекетке деген сенімді әлсіретіп, инвестициялық ахуалына кері әсер ететін рейдерлік құрал.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» демпартиясының фракциясы талап етеді:

1. Қылмыстық кодекстің 31-бабының 6-тармағы және Конституциялық Соттың № 72-НП қаулысы бойынша құқық қолдану тәжірибесіне кешенді талдау жүргізу;

2. Ұйымдасқан қылмыстық топтың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты кеңінен түсіндіруге жол берілмейтіндігі және мұндай айыптауларды тоқтату туралы тергеу және сот органдарына ресми түсініктемелер жіберу;

3. Қажет болған жағдайда, кәсіпкерлерді ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрды деген негізсіз айыптаулардан толық қорғауды қамтамасыз ету үшін заңнамаға қосымша өзгерістер енгізуді қарастыру.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

А.Перуашев

Д.Еспаева

Е.Барлыбаев

Қ.Иса

С.Ерубаев

О.Нуралдинов