30
Сәуір

30.04.2025

"Ақ жол" кедендегі кезектер үшін мемлекеттік органдарды сынға алды

ҚР Премьер-Министрі

О. А. Бектеновке

«Ақ жол» партиясына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын кәсіпкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының өткізу пункттеріндегі күрделі жағдайға байланысты өтініштер жаппай түсуде. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі көптеген жарияланымдар да дәлел.

Дәл кәзір батыс қақпамыс Атырау–Астрахань арасындағы Құрманғазы шеқара бекетінде көптеген шақырымға созылған шереттер жөнінде хабарламалар түсуде. Осы бекетте шекара, кеден қызметкерлері жетіспейтіні байқалады.

Осы мәселені ретке келтіру мақсатында, 2023 жылғы 1 шілдеде автокөлік құралдары мен жүктерді өткізу үшін электрондық кезек жүйесі енгізілді. Процестерді цифрландыру, олардың тиімділігін арттырады және шекарадан өту рәсімдерін жеңілдетеді деп көзделген болатын.

Алайда, іс жүзінде бұл жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Мысалы, ережеге сәйкес, өтініш иесіне шекарадан өтуге бір уақыт белгілінеді.

Бірақ, автокөлік, жолда қандай да бір жағдайға байланысты, уақыттан сәл кешіксе, бронь жойылады. Ал, жаңадан алынған бронь, көлікті кезектің ең соңына шегеріп, шекарада тағы бірнеше тәулік тұруға мәжбүрлейді. Әсіресе тез бұзылатын тауарлары бар кәсіпкерлер үшін елеулі қаржылық шығындарға әкелетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан, электрондық кезек жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігіне орынды ашу мен наразылыққа толы көптеген шағымдар бар.

Тасымалдаушылардың хабарлауынша, өткізу пункттерінде ақылы түрде кезекті жылжытушы «заңсыз көмекшілер» ешкімнен қорықпай, өз әрекеттерін белсенді атқарып жүр. Өзінің заңды кезегін күтіп тұрған жүргізушінің көз алдында кейбір жүк көліктерінің белгілі себептермен жүйені айналып өтіп, алға жылжуы – әділетсіздіктің айқын көрінісі.

Бұл жағдай, кәсіпкерлердің сенімін жоғалтып, жүйеге деген күмәнің күшейтуде.

Бізге баяндалған шекарадағы жиі кездесетін құбылыстардың бірі кейбір өткізу пункттерінде ұзыннан соызлған кезектерге қарамастан, бірнеше бақылау посттары жұмыс істемей. Алайда, заңсыз көмекшілер араласқан уақытта, осы посттар кенеттен (!) жұмысқа қосылуы алаңдатады.

Осындай жасанды ахуал, әсіресе шекара арқылы жаяу жүргіншілердің өтуіне тән көрініс.

Бұндай фактілер, кеден шекарасындағы тәртіптің елеулі бұзылып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігінің айғағы.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жолдауында қол сұғылмайтын мәртебесі бар кейбір «уәкілетті операторлар» бар екенін және ондайды болдырмайтынын атап өтіп, Бас прокуратураға Қаржы министрлігімен, Қаржы мониторингі агенттігі, және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Бүгінгі күні шекарадағы көпшақырымдық кезектер Президенттің тапсырмалары толық орындалмағанын көрсетеді.

Тасымалдаушылар, енгізілген электрондық кезек, мәселені ушықтырып қана қоймай, оны одан әрі күшейтіп, қосымша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады деп санайды және электрондық кезек жүйесін алып тастауды немесе көлік құралдарың өткізу пунктіне нақты келуі бойынша тірі кезекке оралуды талап етіп отыр.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы келесіні ұсынады :

1. Өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне кешенді тексеру жүргізу.

2. Шекарада, соның ішінде жаяу өткелдермен өтетін посттарда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, алдын алу және оларды жоюға арналған шаралар қабылдау.

3. Барлық анықталған проблемалар реттелгенше электрондық кезекті уақытша тоқтата тұру немесе мүлде жою мүмкіндігін қарастыру.

4. Халықаралық тасымалдардың ерекшелігін және кәсіпкерлердің мүдделерін ескеретін балама заманауи шешімдерді енгізу мүмкіндігін қарастыру.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

С. Ерубаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Е. Барлыбаев

Қ. Иса

Е. Бейсенбаев