28
Қыркүйек

28.09.2022

«Ақ жол» спутниктік интернетке қатысты кедергілерді жойып, Қазақстанды Starlink жүйесіне қосуды талап етті

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Б.Б. Мусинге

Бүгін Астанада Digital bridge 2022 форумы өтіп жатыр, онда Президент Қ.Тоқаев шалғай ауылдарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз етуді тапсырды.

2021 жылғы 17 қарашада «Ақ жол» фракциясы «цифрлық теңсіздік» проблемасы бойынша депутаттық сауал жолдап, Starlink жүйесінің Space X провайдерінің қазақстандық нарыққа кіру мәселесін жеделдетуге жеке тоқталды. Бұл провайдердің спутниктік интернеті ең шалғай жерлерге, соның ішінде интернет жоқ және тарату мүмкін емес жерлерге арналған.

Бізде мыңнан астам ауыл интернетке қол жеткізе алмай отыр, ал 250 адамнан аз тұратын ауылдарда талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылмайды. Көптеген ауылдарда ресми түрде интернет болса да, кейбір жерлерде оның жылдамдығы қалыпты қолдану үшін жеткіліксіз.

Интернеттің сапасы бәріне де белгілі - ол пандемия кезінде, ауылдарда ғана емес, сондай-ақ қалаларда да мектептерде онлайн режимде оқу мүмкін болмаған кезде байқалды. Ал кеше интернетке байланысты Алматы мен Атырау әуежайларында рейстердің кешігуі орын алды.

Біздің сауалымызға жауап ретінде сіз Starlink жұмыс істейтін геостационарлық емес спутниктік орбиталардағы жүйелердің жұмысы біздің елде реттелмегенін атап өттіңіз. Техникалық мүмкіндіктерді көрсету 2022 жылдың наурыз айында жоспарланған болатын. Осы уақыттан бері бір жылға жуық уақыт өтті, Starlink спутниктері (1842-ден 3554-ке жетті) екі есе өсті және олардан интернет қазір барлық континенттерде, соның ішінде Антарктидада жұмыс істейді. App store және Play Market-те Starlink қосымшалары қол жетімді. Компания сайтында көрсетілгендей Қазақстанда интернет 2023 жылға қарай қолжетімді бола алады. Бірақ бұған мемлекеттік органдардың бәрін реттеуге деген ұмтылысы кедергі келтіруде.

Сонымен, барлық байланыс операторларының басқару жүйелері Қазақстан Республикасының аумағында болуы керек. Техникалық жағынан бұл қажет емес. Ғарыш аппараттарын пайдалануды көздейтін байланыс қызметтерін ұйымдастыру да бюрократтандырылған. Отандық операторлар сигналдарды тек қазақстандық жерсеріктерден ғана пайдалануға құқылы, ал шетелдіктерден хабар таратуға қол жеткізу - шетелдік компания Қазақстанда тіркелген жағдайда ғана мүмкін болады. Starlink пайдалану үшін маңызды емес басқа да кедергілер бар.

Жоғарыда көрсетілген кедергілер Қазақстанда спутниктік интернетті тарату үшін реттеудің жоқтығымен (рұқсаттардың тиісті түрлері, салық мөлшерлемелері және қызметтерді ұсынуға қолжетімділік рәсімдері жоқ) кешенде біздің елімізде Starlink спутниктік интернет ресурстарын пайдалануға іс жүзінде мүмкіндік бермейді.

Шетелдік спутниктерден сапалы интернет алудың кедергісіз мүмкіндігіне қарамастан, Қазақстан мемлекеттік органдар тарапынан қойылған шектеулерге байланысты осы мүмкіндікті пайдалана алмайды.

Бұл жағдайда Қазақстан КХДР және Мьянма сияқты шет елдердің тізімінде әлемдік коммуникациялық жүйелерді дамытудың жаһандық трендінен тыс қалу қаупі бар жағдай қалыптасуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның бүкіл әлемге ашықтығы, бүкіл әлемдік өркениеттің дамуына қатысатын қазіргі заманғы қоғам құруға деген ұмтылысы туралы үнемі айтып келеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы төмендегілерді ұсынады:

1. Саланы либералдық реттеуге көшу Starlink және басқа спутниктік интернет жүйелерінің жұмысына қатысты барлық кедергілерді жою.

2. Қазақстандықтардың Starlink ресурстарына және спутниктік интернеттің заманауи жоғары технологиялық жүйелеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары