ҚР Премьер-министрінің
Бірінші орынбасары
Ә. Смайыловқа
Көптеген елдердің экономикасында зергерлік бұйымдардың өндірісі мен айналымы халықты жұмыспен қамтуда және бюджет кірістерін қалыптастыруда маңызды орын алады.
«Ақ жол» демократиялық партиясына Қазақстан зергерлер лигасы қауымдастығының мүшелері, отандық зергерлік бұйым өндірушілері жүгінуде. Олардың мәліметтеріне сәйкес, бұл саладағы көлеңкелі айналымның үлесі 90%-ға жетеді, оның ішінде өнімдердің өзі ғана емес, сонымен қатар бағалы металдар мен асыл тастардың ілеспе айналымы да бар.
Мәселен, 2017-2018 жылдары Қазақстанға 81,5 миллион АҚШ долларына тең зергерлік бұйымдар ресми түрде импортталса, Түрік зергерлік импорттаушылар қауымдастығының мәліметі бойынша тек 2017 жылы ғана Түркиядан Қазақстанға 267 миллион АҚШ долларына тең тауар жеткізілген.
Ресми дерек бойынша, 2018 жылы Түркиядан 380 мың АҚШ долларына зергерлік бұйымдар әкелінген, ал сарапшылардың бағалауы бойынша елге импортталған зергерлік бұйымдар құны 40 миллион АҚШ долларынан асып жығылады. Яғни, осы жылдар аралығындағы тек Түркиямен арадағы сауда нәтижесіндегі нақты айналым көрсеткішті кемі 100 есе төмендетілген.
Қазақстандағы жасанды зергерлік бұйымдардың өндірісі де көлеңкелі нарықтың өсуіне ықпал етуде. Зергерлер лигасының мәліметі бойынша, мұндай шеберханалар айына 1 тоннадан астам зергерлік бұйымдар шығарып, оған ресейлік және басқа өндірушілердің жалған брендтері қойылады. Ал өнімнің 1-2 пайызын ғана адал, заңды кәсіпкерлер шығаруда.
Көлеңкелі нарықтың ауқымын зергерлік бұйымдар өндірісінің нақты көлемімен бағалауға болады. Тек Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының 3 ірі базарларында зергерлік бұйымдарды сататын үш мыңнан астам нүкте бар. Олардың болжамды сату көлемі айына шамамен 780 кг құрайды, бұл шамамен 32 миллион АҚШ долларына тең.
Және бұл Қазақстанның барлық басқа аймақтарының тауар айналымын есепке алмағандағы көрсеткіш. Зергерлер лигасының ақпараты бойынша, бүкіл қазақстандық зергерлік бұйымдар нарығы жылына шамамен 300 млрд теңгені құрайды.
Экономиканың бұл секторынан түсетін салық түсімдері сағаттар мен зергерлік бұйымдарды сатумен қатар есептеледі, бұл оның рөлін бағалауды қиындатады. Бірақ, сағаттар мен зергерлік бұйымдармен бірге 2019 жылы зергерлік бұйымдар айналымынан бюджетке түсімдер 3,1 млрд теңгені құрады, яғни, тек 1% деңгейінде.
Бұл фактілердің барлығы Қазақстандағы бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдардың айналымын бақылау мүлдем жоқ екендігін көрсетеді. Нәтижесінде көлеңкелі нарық мемлекеттің жоғалған кірістерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар заңды зергерлік кәсіпорындар үшін жосықсыз бәсекелестікті тудырады. Осы қысым нәтижесінде олардың көпшілігі көлеңкелі айналымға өту мүмкіндігін қарастыра бастайды.
Көлеңкелі зергерлік бұйымдар нарығының бір себебі – 2018 жылдан бастап аффинирленген алтынды сатып алуға ҚҚС енгізілуі. Бұл шара салық салынатын базаны ұлғайтып қана қоймай, заңды айналымның қысқаруына және бағалы металдардың көлеңкелі айналымына көшуге әкелді.
Егер 2017 жылы зергерлер «Тау Кен Алтын» ЖШС-нен 30 кг. Алтын сатып алса, 2020 жылы қазақстандық зергерлер бұл мекемеден тек 12,5 кг алтын ғана сатып алған.
Бүгінде Қазақстанда жасалған зергерлік бұйымдардың негізгі бөлігі ломбардтардан немесе базардан ҚҚС-сыз алынған алтыннан жасалған. Тек осы жағдайда олар импорттық өнімдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болып қалады.
Зергерлік бұйымдар өндірісі дамыған барлық елдерде алтынды сатып алуға ҚҚС салынбайды, ол тек өнім өндіруге және оларды сатуға қосылады. Ал бұл өндірістің өсуіне және көлеңкелі нарықтың қысқаруына оң әсер етеді.
Жоғарыда атап өткен Түркияның өзі бағалы металдар өндіретін жеке кен орындары болмаса да зергелік өнім өндіру бойынша әлемде екінші орында тұр, 2018 жылы ғана 4,5 миллиард АҚШ долларына тең зергерлік бұйымдарды экспорттаған.
Дәл мұндай металды алтынды сататын зергерлік мекемелерді ҚҚС-тан босату түріндегі жеңілдік Өзбекстанда да қарастырылған.
Біздің елде мұндай шара пилоттық жобадан кейін орынсыз деп танылып, күшін жойды.
Нәтижесінде қазіргі біз айтып отырған жағдай қалыптасты, біз мұндай тыйым салу және шектеу шараларымен ғана емес, сонымен қатар экономикалық ынталандырумен де күресуді қажет деп санаймыз.
Осы орайда «Ақ жол» фракциясы мына мәселелерге назар аударуды сұрайды:
1. Зергерлік бұйымдар өнімдерін өңдеу үшін тазартылған алтынды сатып алатын мекемелерге ҚҚС-ты алып тастауды қарастыруды;
2. Зергерлік бұйымдар нарығының көлемін анықтау үшін «бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру мен сату» ОКЭД-ін (Экономикалық қызметтің жалпы классификаторы) жеке позицияға бөлу.
3. Көлеңкелі саудаға және контрабандаға қарсы іс-қимыл шеңберінде, Талдау палатасына зергерлік бұйымдар мен олардың өндірісінде қолданылатын шикізат (бағалы металдар мен асыл тастар) заңдылығын тексеру құзыретін беру.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары