Премьер-министрдің орынбасары
Е. Тоғжановқа
Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Бүгін Мәжіліс жергілікті мәслихаттардағы депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квота енгізуді көдейтін заң жобасын жұмыс жасау үшін қабылдап алды. «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы заң жобасын қолдай отырып, оған өз ұсыныстар пакетін дайындады.
Сол секілді жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыспен қамтылу мәселесі де үлкен маңызға ие екенін де атап өткенді жөн деп білеміз. Егер депутаттық мандаттарды бөлу туралы айтатын болсақ, онда Парламент депутаттары ғана өзге қызметтерді атқармайтын, кәсіби депутат болып саналады; ал мәслихат депутаттары өз міндеттерін әлеуметтік жүктеме ретінде атқаруда. Яғни, 30 пайыз мандатты осы санаттарға бөлу реформасы жастар, әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бүкіл ел бойынша небәрі 32 жұмыс орнының пайда болуына ғана алып келеді.
Осы орайда мемлекеттік қызметкерлердің саны 88,5 мың адамды құраса, квазимемлекеттік секторда 809 мың жұмыс орны бар екенін атап өту керек. Яғни, дәл осындай квотаны аталмыш бағытта қолдану жастарға, әйелдерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 32 жұмыс орнын емес, 269 мың жұмыс орнын бөліп беруге мүмкіндік жасар еді. Сонымен қатар, дәл сол жылғы мәліметке сәйкес еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар саны да осы көрсеткішке жақын, нақтылай айтқанда, 286 мың адамды құраған болатын (NEET).
Егер жастар заң қабылдауға қабілетті болса, онда жас мамандар практикалық тәжірибе бен білім жинақтай отырып, өз кәсіби жолын төменгі сатылардан да бастай алады деген сөз. Ал жұмысқа орналасудың жаппай перспективасының жоқтығы шетелдік үздік университеттерді тәмамдаған білікті жас мамандардың «көкелердің» қолдауынсыз бір-екі жылдық ізденістен кейін, лайықты жұмыс таппай шет елдеріне көшу мәселесін тудырады. Мәселен, 2021 жылдың 3 тоқсанында Қазақстаннан 25 332 азамат кеткен, олардың әрбір төртіншісі 28 жасқа толмаған, көбі жоғары білімді.
Ал, мыңдаған мемлекеттік мұнай өндіруші компанияларда жастар үлесі 2-4 пайызды ғана құрайды.
«Самұрық-Қазына» қоры тобындағы штатты қызметкерлердің жалпы саны 264 200 адамды құрайды. Оның ішінде мүгедектер үлесі 1%-дан да аз. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңда (9-баптың 6-тармағы) мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы жұмыс орындарының 2-ден 4%-ға дейін белгіленгенімен, бұл бап белгілі бір себептермен тек ШОБ субъектілеріне ғана қолданылады. Ал Жұмыспен қамту басқармаларының мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға батылдық пен беделдері жетіспейтін көрінеді.
Мыңдаған жастар мен мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар мансап жолында өсу мүмкіндігі бар ұлттық компанияларда жұмыс істеуді армандайды.
Алайда, ол компаниялардың есігі сирек жағдайларда ғана ашық болатынын көріп отырмыз. BRIF Research Group жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелге оқуға баруды жоспарлағандардың 70% жуығы сол жерде қалғысы келетіні де кездейсоқ емес.
Өткен жылы АҚШ-қа бару үшін Green Card лотереясына 155 мыңнан астам қазақстандық қатысты, бұл экономикалық белсенді халықтың 1,7 пайызын құрайды.
Бірақ, бұл көбінесе амалсыз таңдау, өз елі қабылдамаған адамдардың таңдауы.
Бұл мәселені қазірдің өзінде халықаралық агенттіктер көтеріп отыр: мысалы, биылғы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында жетекші шетелдік компанияларда қызмет етіп жатқан тәжірибесі бар қазақстандықтарды қайтару және жұмысқа тарту жөніндегі бағдарламаны іске қосу туралы KPMG компаниясының ұсынысын қолдаған болатын. Алайда бұл бағдарламаның жобасы әлі жарияланған жоқ.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының ұсыныстары:
Құрметпен, "Ақ жол" фракциясының депутаттары