25
Желтоқсан

25.12.2024

Ақжолдық депутаттар Көлік министрінің сөзі жалған деп сынады

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы 

Премьер- Министрдің бірінші орынбасары Р.В. Склярға

 

 

Биыл Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміз үшін маңызды, Астана – Балқаш – Алматы (2017 ж. бастап), Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Талдықорған – Өскемен (2019 ж. бастап) жолдарының реконструкция мерзіміұзаққа созылғанын сынға алып, ағымдағыжылы оларды аяқтауды тапсырған еді.

Көлік министрі Қарабаев 23 желтоқсандаМәжілісте өткен  Үкімет сағатындағы өз баяндамасында аталмыш жолдардың жөндеу жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне қолданысқа берілді деп есеп берді.

Есептің ішінде, құрылысы 2018 жылы басталып аттай алты жыл бойы жыр болып,аяқталмай жатқан  ұзындығы 277 шақырым Атырау Астрахан тас жолы да бар.

Алайда, Елмен тығыз қарым қатынаста отырған АқЖол фракциясының депутаттары,министрдің ақпаратына күмәні бар.

Атап айтсақ, Исатай ауданында 17 шақырымды құрайтын «Аққыстау – Тұщықұдық» айналма жолы әлі басталмаған деп айтуға болады. Кейбір учаскілердеасфальттің соңғы қабаты салынбаған. Ерғалиев ауылында бүгінгі күні көпірқұрылысы бітпеген, әлі айналып өтіп жатыр. Бірінші, екінші, үшінші лот бойынша, 621 - 753-ші шақырымның арасында, яғни 132 шақырымда жылдамдық шектеуі «сағатына 60 километр» деген жол белгілері әлі алынбаған. Ол не деген сөз? Ол барлығы 277 шақырымның жартысына жуық 132 шақырымы толық бітпеді деген сөз. 

Осы ақапаратты нақтылау үшін,  «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясына 10қарашада (№ 5-11-1600) және  5 желтоқсанда(№5-11-1795) Атырау облысының республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайы жөнінде ресми хаттар жібердім.

Ұлттық компания 23 желтоқсандағы жауабында нақты мәлімет берген жоқ. Сонда «КазАвтоЖол» Ұлттық компаниясыПарламент Мәжіліс депутатының хатына неге толық ақпарат бермейді? Әлде жылы кабинеттегі шенеуніктер өңірлердегі жол құрылысынан бейхабар ма?

Тағы бір тоқталатын мәселе, көктем айларында елімізде су тасқынан зардап шеккен автомобиль жолдардың жағдайы да бізді алаңдатады. АқЖол партиясының жергілікті мәслихат депутаттарының мәліметінше, Атырау- Орал бағытында, Құлсары, Индер және Қызылқоғааудандарының су тасқыны кезіңде зардап шеккен жол учаскілері әлі де толық жөнделмеген. Еліміздің апаттан зардап шеккен басқа өңірлерінде жағдай осындай деген ойдамын.  

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы келесі мәліметтерді беруіңізді сұрайды:

1. 2024 жылғы 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы атап өткен жол құрылыстарының бүгінгі күнгі жай-күйі туралы нақты ақпаратты.

2. Еліміздің су тасқыннан зардап шеккен автомобиль жол учаскілерінің қалпына келтіру жұмыстары жөнінде толық мәліметтерді.

3. Аяқталмаған жұмыстар болған жағдайда, олардың нақты аяқталу мерзімдерін белгілеп,кестелеп беруіңізді сұрайды.

Жауапты Мәжіліс депутаттарының аймақтарға шығу сапарына орай, яғни 2025 ж 5 қаңтарына дейін беруіңізді сұраймын.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясы депутаттары

С. Ерубаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

Е. Барлыбаев

К. Иса

Е. Бейсенбаев

 

«Аманат» фракциясының депутаттары

Д. Тұрғанов

А. Жұбанов