Қазақстан
Республикасының
Премьер-министрі
О.А.
Бектеновке
ҚР
Ұлттық банкінің төрағасы
Т.
Сүлейменовке
"Ақ жол"
демпартиясына кейінгі уақытта өз өнімін экспорттау бойынша күрделі қиындыққа
тап болып жатқан машина жасау кәсіпорындары жүгінуде.
Негізгі түйткіл
қазақстандық банктердің ресейлік серіктестермен іскер байланыстары бар
кәсіпорындарды несиелендіруден және олардың төлемдерін жүргізуден бас тартуы.
Қаржы ұйымдары өз әрекеттерін өндірілген өнімнің АҚШ пен Еуроодақтың санкциялық
тізіміне енуі мүмкіндігіне қатысты қаупімен байланыстырады, бұл өз кезегінде
банктердің өзіне қайталама санкциялардың салыну тәуекелдерін тудырады.
Сондықтан, банктер
кредиттік желілерді жабамыз деген желеумен зауыттардан Ресейге өнімді
экспорттаудан бас тарту туралы кепілдеме хаттарды талап ете бастады.
Өз кезегінде,
жақында Қазақстанға келген Еуроодақтың санкциялар бойынша елшісі Дэвид
О'Салливан Еурокомиссия Қазақстанда өндіріліп Ресейге экспортталған өнімге
санкция салмайтындығы туралы айтқан болатын. Олар тек санкциялық еуропалық
тауарлардың Қазақстан арқылы реэкспортынан қауіптенеді.
Алайда, өткен
аптада "Ақ жол" фракциясымен болған кездесуде Қазақстанның ірі
банктерінің өкілдері мәлімдегендей, бұл түсініктемелер сенімсіз, себебі, бұл
жерде тауарларды өндіру немесе реэкспорт фактісі емес, олардың санкциялық
тізімге енуі шешуші рөлді атқарады, бұл Еурокомиссия болмаса да, АҚШ тарапынан
қайталама санкцияларға ілігіп, SWIFT жүйесінен ажыратылуға дейін әкеп соғуы
мүмкін.
Нәтижесінде, зауыттардың
өз дерегі бойынша, банктердің қауіпі салдарынан Ресей Федерациясына өнімдерін
экспорттауы 15 пайызға дейін қысқарған.
Төлемдерді
жүргізуден бас тарту мемлекеттік органдар тарапынан әлдебір ресми шектеуге
байланысты емес екенін атап өтуі қажет, бұл банктердің қайталама санкцияларға
ілігіп қалмау қаупінен туындаған жеке "аса сақшыл" бастамасы. Алайда,
Қазақстан Республикасының юрисдикциясында қызмет ететін қаржы институттарының
мұндай ұстанымы отандық кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан
келтіреді.
Жағдайдың
қиындығын түсінгенімен, банктер бұл мәселені үкімет пен халықаралық келіссөздер
деңгейінде шешуді ұсынып отыр.
Нәтижесінде,
экспортқа бағытталған саясат аясында жаңа технологиялық өнімдерді шығаруды
жолға қойған ең табысты электротехника өндірушілері экспорттық мүмкіндікті
жіберіп алғандықтан айтарлықтай шығынға ұшырауда.
Жоғарыда
айтылғанға байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы түсініктеме беруді сұрайды:
1) Қазақстан
Республикасының Үкіметі қазақстандық кәсіпорындарды қайталама санкциялар
қаупіне байланысты банктік шектеулерден қорғау үшін қандай шара қолданып жатыр?
2) Қалыптасқан
жағдайды еңсеру мақсатында қазақстандық банктер үшін ұсыныстар әзірлеу мүмкін
бе?
3) Осындай
кедергілерге тап болған экспорттаушыларды қолдаудың қандай қосымша тетігі
қабылданып жатыр, оның ішінде халықаралық есеп айырысуға жәрдемдесу үшін
мемлекеттік қаржы институттарын тарту арқылы ма?
4) Отандық
бизнеске негізсіз шектеу енгізу қаупін азайту үшін халықаралық қаржы
реттеушілерімен және дипломатиялық өкілдермен өзара әрекеттестік жүргізіліп
жатыр ма?
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП
депутаттық фракциясы
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
С. Ерубаев
Е. Бейсенбаев