ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке,
ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа
Әлемде 9-шы орын алатын кеңбайтақ жеріміздің жартысынан астамын су басып, ел үйсіз-күйсіз, мал-мүліксіз қалып жатыр.
Бұл ойына келгенін істеген ескі отыз жылдықбиліктің “Мен кеткен соң дүниені топан су қаптасын” деген теріс пиғылды іс-әрекетініңайқын белгісі екені анық.
Сондықтан да тасқын су апатын тек "ЖаңаҚазақстанға" теліп, ақпарат беттеріндеқитұрқы саясатын жүргізіп,бұл жағдайдықазіргі биліктің кінәсі етіп көрсетуге ұмтылу – ұрының "Ұрыны ұстаңдар”депайқайлағанындай әсер етуде.
Иә, екпіні орасан су тасқыны "Ескі Қазақстанның" сойылын соғушылардың да жабуын шайып кетіп жатыр.
Бұл әлем елдерін де шарпып жатқан тасқынсуды табиғи апат дегенмен, отыз жылдықбиліктің кезіндегі жемқорлықтың кесірі де алапат болғаны айқын көрінуде.
Елімізде Кеңес империясы кезінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін салынған ескі су қоймаларынан басқа отыз жылда бір де бір су қоймасы салынбаған. Тозығы жеткен тоғандар мен гидроқұрылыстарға, тасқыннан қорғануға бөлінген қыруар миллиардтар қайда? Халық қажетіне емес, жемқорлықтың жемсауында кеткені белгілі болуда.
Жалғыз гидромелиоративты институтты жауыптастаған елде судың жайын кімненсұрайсың? Мұрабы жоқ ескі биліктің мұрасы осы бізге қалдырған...
Тілсіз жауды пайдаланған ділсіз жаулардың желіде есіп жүрген жел сөздері басылар емес. Ағынсудың арынынан ақпараттық ағын асыптүсіп жатыр. Қараны - аппақ, ақты - қара етеалатын ақпараттың күші таңнан кешке дейінталмай "жер төртбұрышты" дей берсе, бірте-бірте ел соған сене бастайтыны туралытәжірибені еске түсіреді. Әрине, бұл мысал өзұстанымы жоқ, дабыра мен дақпыртқа ере кететін ерме жұртқа қарата айтылғаны анық.
Елге іріткі салып жатқан ескі биліктің бұлқарекеттері талай жыл негізгі тірліктері болған - "Халықты алдай саламыз" дегенұстанымдарынан әлі айнымағанын көрсетеді.
Отыз жыл жабылып жатқан жаралардың енді жарылып жатқанын қазіргі жаңа билікке жаба салуға жанталасудың артында саяси реванштық пиғылдың құлағы қылтиып тұр...
Ел басына күн туғанда халық қайғысынан хайпжасау кімдерге керек болғаны белгілі болыптұр.
Арыс апаты, Жамбыл жарылысы, Қостанай мен Семейдегі оншақты адамды құрбан еткен алапат өрт, қазіргі қызылсудан басталып, топансуға ұласқан тасқынның бәрі талай жылдан бері жарылуын күтіп жатқан миналар екені анық.
-Қызылсу отыз жыл айтылған қызылсөздің бәрін суға батырып жіберді...
- "Әлемдегі елу елдің қатарына кіріп қойдық, отыз елге омыраулап келеміз" деген отыз жылғы өтірікті тасқынсу тас-талқанын шығарды!
- Ауылды қанап, жерді талап, бір де бір өндіріс орнын ашпай, өтірік зауыттардың тұсауын кесіп шерулету - шерлі халықтың маңдайына жазылған сор болды.
- Халықтың мұнай мұхитынан қазаққа тамшы ғана тамызып, кен-қазына мен газдың үстіндегі елге тезек жаққызып, елдің соңында тезек теріп қалып отырмыз.
“Билікте тұрғанда ұрлық қылсаң, ұрпағыңның тағдырымен төлейсің?”-дейді әлемді билеген әйгілі Шыңғыс хан.
Біз отыз жылғы биліктің тонауын ел тағдырымен төлеп келе жатырмыз әлі күнге дейін...
“Ескі Қазақстан” есті болса, қазір халықтың 30 жылда тоналған триллиондаған байлығын халыққа қайтару үшін арнайы заң қабылданып, бүтін бір комитет құрылар ма еді…
Яғни, “Ескі Қазақстан” архивінің сықырлаған есігін ашсаң, үстіңе қаптаған саудыраған скелеттер құлап түсетіні анық…
Саяси тапсырыспен болған қастандықтардың бәрін айтпай-ақ, биыл 80 жылдығында ел еске алған заманның ері Заманбекті шындықты айтқаны үшін ғана өзін-өзі өлгенше үш рет “аттырып”, осыған біздің халық сенуі тиіс дегеннен артық ер өлімімен елді қорлау бола ма?!.
Сол кезде 2005 жылы"Қазақ үні" газетінде біз бұл ауыр қылмысқа қарсы "Атқызған кім?!- Атқан кім?"деп мақала жазған едік...
Бүгінгі президенттің бұрынғы президентке айтқан: “Кеттің бе -Қайрылма?”-деген қағидалы сөзін қалың елдің: “Кеттің бе? - Қараңды батыр” – деп, жаппай жалғастырып алып кетуі көкірегі ояу, көзі ашық елдің ескі билікке деген қатты қарсылығын көрсетеді.
Яғни, "Ескі Қазақстанды" қайтарғысы кеп жүргендердің есекдәмесі - әлемдегі елді ұзақ жыл билеп, кейін екінші рет билікке қайтып келген Малайзия нұсқасы бұл жерге жүрмейді. Екеуінің арасы аспан мен жердей!
Малайзияда 22 жыл билікте отырған Махатхир Мохаммад елін Азия жолбарысына айналдырып, әлемдегі экономикалық ғажайыптың авторы болды. Яғни, ол малай халқын маңдайалды марғасқа елге айналдырса, ал Назарбаев Қазақстанды басқарған отыз жылда, керісінше қазақ халқын малайға айналдырып, экс-президент айтқандай, кез келгенін сотқа сүйреп апаруға болатын 162 олигарх бастаған санаулы қалталылар ғана халық қазынасы арқасында есепсіз байып алды...
«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі!”- дейді қазақ даналығы. Сондықтан, бүгінгіөзгерген «Жаңа Қазақстан» саясатынаараласқысы келіп, қитұрқы лас ойын көрсетудікөксегендерді бос жіберіп, тайраңдатыпқоюға болмас, қатаң тыйым керек!
Өйткені тағы да өздері бастап, тағы да таслақтыруда. Тасқа таспен жауап беру керек. Бұл елдік үшін, егемендік үшін керек!
Біз билік үшін емес, елдің өзгеруі, ұлттыңжарқын болашағы жолында топтаса білуімізқажет. Елді 30 жыл басқарған ескі биліккеенді жол жоқ, мәңгі жабық! Бұл аксиома!
"Ескі Қазақстан" билігін қайтарғысы келіп, "Шал, кет!" деген басты ұранды"Шал, кел!" деп басқа ұранға өзгерту, 1991 жылы құлаған, келмеске кеткен Кеңес одағын қайтарғысы келумен бірдей!
"Ескі Қазақстанды" қайтарғысыкелетіндердің жүрегі де, басы да жоқ, себебібұл ешқандай мүмкін емес!
Тізе қосқан ел тізерлеп қалмайды! Қазақ біріккенде, қай кезде де, қандай қамалды да ала білген! Қазіргі топансудың толқынын да, теріс саясаттың солқылын да тек елдің бірлігі мен тірлігі қайтара алады. Бұған ағынсумен алысқан жеті жасар бала мен жетпіс жасар дананың қатар тұрып қайрат көрсетіп жатқаны айқын дәлел!
Ендеше, біз қандай ауыр сынақты да тек Ел бірлігі арқылы жеңеміз!
Құрметпен, “Ақ жол” фракциясы мүшелері