11.02.2015
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
2013 жылы Үкіметпен «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына түзетулерге бастамашылдық жасалғаны, олармен отандық өндірушілер үшін бұрыннан болған преференцияларды жойылғаны және Қазақстанның мемлекеттік сатып алу ұлттық режімін Еуразиялық экономикалық одақ елдері қатысушыларының бәріне таратқаны мәлім.
Мәжілісте қарау кезінде, аталған ережелер«Ақ жол» фракциясы депутаттарының сынына ұшырады. Алайда, ҚР интеграциялық міндеттемелеріне сай, Заң сонда да қабылданды, ал біздің отандық өндірушілер мүдделерін жергілікті құрамның болуы арқылы қорғау туралы - барынша принципті ұсыныстарымыздан – бас тартылды.
Ұлттық бизнес мүдделеріне қысым көрсету жайлы дабылдарға жауап берген заңды әзірлеуші атынан Қаржы министрлігі 2013 жылдың 4 желтоқсанындағы хатында «Ақ жол» партиясын қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау квазимемлекеттік сектордың және ірі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың қызметін реттейтін «Сатып алу туралы» заңы арқылы шешілетін болады деп хабардар еткен.
Біз мұндай тәсілдемемен келістік, өйткені квазимемлекеттік сектордың нарық көлемі мемлекеттік сатып алу нарығынан 5 және одан да артық. Мысалы, 2012 жылы мемлекеттік сатып алу нарығы 1,5 трлн теңгені құрады, ал ұлттық компаниялардың, мемлекекеттік кәсіпорындардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары 8,4 трлн теңгеден асып түсті. 2013 жылы мемлекеттік сатып алулар 1 трлн теңгені, Самұрық – Қазына желісі бойынша сатып алулар – 3,5 трлн., жер қойнауын пайдаланушылар және жүйеқұраушы кәсіпорындар – тағы 3,8 трлн-ды құрады.
Сондықтан ұлттық бизнес, сөзсіз, осы секторда преференция алуға мүдделі.
Мұндай жергілікті тауарлар басымдығы туралы нормалар «Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерімен тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алу туралы» Ресей Заңымен және басқа ЕАЭО елдерінде мемлекеттік кәсіпорындар үшін белгіленгендігін атап өту керек.
Осындай қазақстандық заңмен жұмыстың жүргізіліп жатқаны туралы хабар – бізге, қайталаймын, 2013 жылдың 4 желтоқсанында жіберілген.Тағы жарты жылдан кейін – 2014 жылдың 24 маусымында, Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму бойынша комитетінің кеңейтілген отырысы барысында, мәселенің созылып кетуі туралы біздің сұрағымызға жауап бере отырып, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік «Ақ жол» депутаттарын қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қарастыратын «Сатып алу туралы» заң сол 2014 жылдың күз айында енгізілетініне сендірді, бірақ белгілі болғандай, сол кезде оның тұжырымдамасы да дайындалмаған болатын.
Дәл сол кезде кейбір мүдделі тараптардың мұндай заңның «керексіз» екені туралы, ұлттық компаниялар үшін 2009 жылы Үкімет Қаулысымен бекітілген сатып алулардың Үлгілік ережелеріне сілтемелермен мәлімдемелер айтылып жатты.
Алайда бұл ережелер тікелей әрекеттерге міндеттей алмайды, әрбір нақты компания соның негізінде өзіндік талаптар орнатады. Оның үстіне, қарастырылған ережелерді бұзғаны үшін лауазым иелерінің, тәртіптіктен басқа, қандай да бір жауапкершілігі жоқ.
Көрнекі мысал: БҚА ақпараты бойынша, 2012 жылы мемлекеттік сатып алулар саласында бұзушылық үшін 2509 шенеунік жазаланған, олардың ішінен 1026-сы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Дәл осы кезеңде квази-мемлекеттік секторында сатып алулар кезіндегі бұзушылықтар үшін 118 менеджер ғана жазаланған және олардың барлығы, тек тәртіптік жазалармен құтылып кеткен. Ал көрсетілген жылы мұнда сатып алулар көлемі 5 есе көп болған. Заң мен Үлгілік ережелердің арасындағы пәрменділіктің айырмашылығы айқын көрініп тұр.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Мемлекеттік сатып алулар заңынан қазақстандық құрам туралы нормалардың алынып тасталғанына және отандық квази-мемлекеттік сектор үшін «сатып алу туралы» Заңы арқылы қорғауға уәделер берілгеніне жылдан асты.
Мәжіліске мемлекеттік сатып алулар туралы заңына жаңа түзетулер келіп түсті, өткен аптада олардың таныстырылымы өтті.
Ал өндірушілерді қолдау үшін, бизнеске уәде еткен «Сатып алу туралы» заң содан әлі жоқ, оның тағдыры жайлы не депутаттарға, не кәсіпкерлерге ештеңе де белгісіз.
Одан бері жағдай тіптен шиеленісіп барады.
Ресейлік рубльдің девальвациясының нәтижесінде, қазақстандық өндірушілер өздерінің тұтыну нарығын шапшаңдықпен жоғалтып жатқаны мәлім. Олардың көпшілігі үшін ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының үлкен нарығы бұл жағдайларда өмір сүру үшін нақты тірек болатын еді. «Сатып алу туралы» заңын енгізуді және осы саладағы отандық бизнес үшін заңнамалық қорғау шараларын кіргізуді одан әрі созу, керісінше, қазақстандық кәсіпкерлерді өте қажетті қолдаудан айырады. Оның үстіне, батыл шаралар қабылдамасақ, бұл нарық ресейлік девальвацияның ықпалымен РФ өндірушілеріне кету мүмкін. Қазіргі кездегі қалыптасқан бұл жағдайға жол беруге болмайды деп санаймыз.
Бүгін, осыдан небәрі екі сағат бұрын, Үкімет отырысында Мемлекет басшысы ұлттық компанияларға теңгені қолдауды, кәсіпорындарға – жаңа өткізім нарықтарын іздеуді тапсырды, ал барлық азаматтарды патриот болуға және қазақстандық өнімді сатып алуға шақырды.
Бұл міндетті орындаудың озық формасы квази-мемлекеттік сектордың сатып алуларында қазақстандық құрам туралы нормаларды заңнамамен енгізу болар еді деп ойлаймыз.
Үкіметтің осы отырысының барысында вице-премьер Б.Сағынтаев ағымдағы жылы ұлттық компаниялар және жүйеқұраушы кәсіпорындар отандық өндірушілермен 960 млрд. теңге сомасына 120-дан астам меморандумдар жасағанын хабарлады. Оның сыртында, Алматы қаласының әкімдігі және «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы меморандумға тағы 100 млрд. теңге салынған. Бұл, сөзсіз, маңызды және керек жұмыс.
Бірақ, әңгіме экономиканың аталған секторындағы сатып алулардың тек қана 12-15 пайызын құрайтын жалпы сомасы 1 трлн. 60 млрд. теңгеге жасалған меморандумдар туралы болып отырғанын ескеру қажет.
Сонымен бірге халықаралық және отандық тәжірибеде, инвестициялық келісімшарттар жасау кезінде, жергілікті құрамның белгісін әдетте 50 пайыздан астам деңгейде қояды. Мысалы, ҮИИМДБ сәйкес, 2015 жылға қарай мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың, басқарушы ұлттық холдингтің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатып алуларында қазақстандық құрамның үлесін – 60 пайызға дейін, ал жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларда 90 пайызға дейін жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылған. Осылайша, меморандумдар сомасы көрсетілген міндеттемелерді жаппайды.
Бұдан басқа, меморандум «де-юре» – міндетті құжат та емес, бұл тек ниеттілік хаттамасы екенін де ескеру қажет. Оның іс жүзінде орындалуы, әдетте, мәлімделген цифрлардан елеулі түрде төмен болып жатады. Және меморандумдардың орындалмағаны үшін, заңды орындамағаннан ерекшелігі, тараптар ешқандай да жауапкершілік алмайды.
Сонымен, осы үдеріске сәйкес заңнамалық нормаларды енгізу, біздің көзқарасымызша, Үкіметке бұл бағытты іске асырудағы оның өкілеттігіне байыпты жәрдем көрсетер еді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы Сізден, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, уәкілетті органдарға ұлттық компаниялардың, мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар және ірі жер қойнауын пайдаланушылар қызметіндегі қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін, «Сатып алу туралы» заңын әзірлеуді және оны Парламентке енгізуді жеделдетуге тапсырма беруіңізді сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Жариялаған депутат Азат Перуашев
32-ДС жауабы