18.05.2016
Қазақстан Республикасының
Ауылшаруашылығы министрі
А.И.Мырзахметовке
Құрметті Асқар Исабекұлы!
«Ақ жол» ҚДП-ның фракциясына ауыл шаруашылық қызметіне субсидия бөлу мәселелері бойынша агроөнеркәсіптік кешені саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен азаматтардан көптеген өтініштер мен сауалдар түсуде.
Өткен жылдың аяғынан бері ауылшаруашылық министрлігі жаңадан техника мен құрылғылар алуға, генетиканы жетілдіруге, жаңалықтарды енгізу мен мамандарды даярлауға инвестсубсидияларға көшуіне байланысты, 2016 жылдан бастап өсімдік шаруашылығын әрбір гектар бойынша субсидиялауды және келер жылдан, яғни 2017 жылдан бастап мал шаруашылығын субсидиялаудан бас тартатындығы туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.
Атап айтсақ, бұрынғы министр ол туралы 2015 жылғы 7 қазанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте және бірнеше басылымдарда мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, айта кететін жай, субсидия шетелдік техниканы сатып алуға бөлінбекші. Ол дегеніміз отандық ауылдардың жағдайын ойлаймыз деген желеумен қазақстандық емес, шет елдік машина жасаушыларды қолдау екендігін көрсетеді.
Бұл мәлімдемелер бизнес-қоғамда алаңдатушылық туғызды. Себебі, олардың гектар бойынша субсидиялауды қолдауда өз пікірлері бар, яғни, техника 5-10 жылда бір рет алынса, егін егу мен жинауға жұмсалатын, сонымен қатар жем-шөп сатып алуға, мал шаруашылығын ұстап тұруға кететін шығындар күнделікті болып тұрады.
Осыған қарамастан, 2016 жылдың 21 сәуірінде («Казакстанская правда» газеті) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің басымдылығы бар ауыл шаруашылық мәдени өнімдерінің 1 гектар және (немесе) тоннасын субсидиялау ережесін белгілейтін бұйрығы жарияланған болатын.
Бірақ, «Ақ жол» партиясына хабарласқан агроөнеркәсіптердің айтуынша, жылдың басынан бастап гектар бойынша субсидиялау мүлдем тоқтатылған.
Осыған байланысты, Еуразиялық Экономикалық Одақтың аясында Қазақстан өзінің негізгі серіктестері – Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына – агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдауда жол беріп тұрғанына Сіздің назарыңызды аударуға мәжбүрміз. Атап айтқанда, ауыл шарушылығын мемлекет тарапынан қолдау Ресейде өнімнің бағасының 10 % құраса, Белоруссияда 18 %, ал Қазақстанда – 3 % -дан төмен.
Бұндай қалып қоюшылықты біз еліміздің дүкендерінде Ресей мен Белоруссияның азық-түлік өнімдері сөрелердің көп бөлігін алатындығынан көреміз.
Сонымен қатар, осы жылдан бастап ішкі аудитті өткізу үшін ауыл шаруашылық кооперативтерінің ревизиялық одақтарының шығындарын субсидиялау енгізілуде. Бірақ «Ауыл шаруашылық кооперативтері» туралы Заң бойынша ауыл шаруашылық коппертивтерінің ревизиялық одақтарының шығындары мүшелік жарналар есебінен жұмасалатындығы айтылған.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, «Ақ жол» партиясының фракциясы келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұрайды:
1.Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тәртібін, ауыл шаруашылық өнімін шығарушылардың кең талқылауына салмай салалық министрліктің өзі қайта қарастыруы қаншалықты негізді?
Қоғамдағы жер мәселесіне байланысты туындаған жағдай бұндай күрделі мәселелерде халықтың пікірімен санаспаудың қате екендігін көрсетеді.
2.Министрліктің өзі бекіткен тәртібіне сай қарастырылғанына қарамастан, жылдың басынан бастап әр гектар бойынша субсидиялаудың кешіктірлгенін немен түсіндіресіз?
3. Осы жылы агроөнеркәсіптік кешендерді субсидиялаудың қандай түрлері бар және әр өңір бойынша қаржыландырудың көлемі қанша?
4. Министрлік ауыл шаруашылық өнімін шығарушыларды субсидиямен қамтамасыз ете алмай отырған кезде, ауыл шаруашылық кооперативтерінің ревизиялық одақтарының шығындары сияқты, қағаз жүзінде жүретін іс-шараларды субсидиялаудың қаншалықты маңызы бар?
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясын депутаттары