01
Маусым

01.06.2016

Салықтық несиелендіру қазіргі кезеңде кәсіпорындарды аман алып қалуға және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесер еді – Азат Перуашев

ҚР Премьер-Министріне
 
'Ак жол' Демократиялық фракциясы Сізді кезекті рет салық саясатында ынталандыру шараларының қолданылуы туралы мәселені қарауыңызды сұрайды.
Cалық саясаты фискалдық міндеттерін ғана орындауға емес, сондай-ақ жеке бизнесті қолдау үшін маңызды құрал болуға қабілетті екені белгілі.
Бұл орайда, жалғасып жатқан әлемдік дағдарыс әсері жағдайында, салық демалыстары және салықтық несиелендіру сияқты ынталандыру шаралары ерекше маңызға ие болады.
Еске салуды қажет деп санаймын, 'Ақ жол' партиясы 2011 жылдың 7 қыркүйегінде және 28-қарашасында,  2012 жылдың 21 мамырында салық демалыстары және салықтық несиелендіруді енгізу туралы Үкіметке ұсыныстар жіберген; осы тақырыпта депутаттық сауалды біз 2013 жылдың 18 желтоқсанында жариялағанбыз.
Сөзбе-сөз – салықтардан шағын және - атап көрсетемін! – және орта бизнес қызметінің алғашқы 5 жылында босатылсын деген тапсырма - Президент Н.А.Назарбаевпен 2013 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру күнінде берілген. Үкіметпен бұл тапсырма ішінара орындалды, тек шағын бизнес босатылды (орта бизнессіз), және тек КТС-ынан.
Осыған байланысты, 2014 жылдың 21 қаңтарында. 'Ақ жол' партиясы Үкіметке бізбен жасалған 'Шағын және орта бизнесті қолдау', заң жобасын жіберді, сонымен қатар, оған Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша нормалар енгізілген.
Алайда бұл заң жобасы ведомствоаралық комиссиямен оқшауланған, 2015 ж. оның көптеген нормалары Кәсіпкерлік кодекске кіргенмен, бірақ салықтық демалыс құралы толықтай жүзеге асырыла қоймады.
Салықтық несиелендіру одан да күрделірек болып отыр - 'Ақ жол' партиясының ұсынысы ескерілмей қала берді.
Салықтық несиелендірудің мағынасы,  шектен тыс фискалдық қысым бизнесті түпкілікті құлдырататын жағдайларда - кәсіпорындарға салықтарды неғұрлым кеш мерзімде төлеу мүмкіндігін беру. Бүгінгі күнде отандық кәсіпкерлердің едәуір бөлігі өте қиын жағдайға тап болды және осындай шара оларға елеулі демеу болар еді.
Оларға экономикалық тұрақсыздық кезеңінде салықтық несиелендіру бере отырып, мемлекет бизнеске жұмысын босаңсытпауға, жұмыс орындарын қысқартудан бас тартуға, жаңа шындыққа төтеп беруге және бейімделуге көмектесер еді.
Салықтық несиелендіру халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады, сонымен бірге бірқатар елдердің заңнамасымен кәсіпорындарға оның қолданылатын белгілері тікелей анықталған, сондай-ақ салықтық несиелендіру шарттары белгіленген.
Салықтарды төлеу мерзімдерін ауыстырудың басқа әдістері  салықты төлеу және жинауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту болып табылады. Бұл ретте, салықты төлеу мерзімін ұзарту кейінге қалдыруға  қарағанда сөзсіз, неғұрлым қолайлы болып табылады, өйткені, бірден барлық сомасын төлеу емес, ал кезең-кезеңімен ішінара төлемдер енгізуге мүмкіндік береді .
Оларға қарағанда, салықтық несиелендіру техникалық қайта жарақтандыруға немесе белгілі бір өнім өндірісіне уақытша босаған қаражаттарды инвестициялау бойынша талаптарды қамтуы  мүмкін.
Осылайша, салық төлеушіге салық несиесін беру бизнес жүктемесін жеңілдетуді ғана емес, сонымен қатар экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандырар еді.
Біздің көрші елдерде – Ресей мен Беларуста - салықтық несиелендіру сондай-ақ заңмен қарастырылғанын атап өту қажет деп есептейміз.
Мәселен, Ресей Федерациясының Салық кодексінің 66 және 67 баптарымен инвестициялық салық несиесі мерзімі 5 жылға дейін және жекелеген жағдайларда, тіпті 10 жылға дейін көзделген. Ол қаражаттар инновациялық қызметке, мемлекеттік тапсырысты орындауға немесе әлеуметтік маңызды өнім шығару шарттарымен беріледі. 
Салық кредиті бойынша пайыздық мөлшерлеме РФ Орталық банкісінің қаржыландыру мөлшерлемесінен кем дегенде төрттен бір бөлігінен төмен болмауы тиіс.
Беларуста Салық кодексінің 481 бабы салық төлемдерін, сондай-ақ салық несиесінің өзін де кейінге қалдыруды және бөліп төлеуді қарастырады. Сонымен бірге заң салық төлеушінің уақытша босаған ақша қаражаттарының пайдалануы бойынша шарт қоймайды.
Қазақстан Республикасының салық кодексі салық мерзімін кейінге қалдыруды 12 айға дейін белгілейді. Бірақ мұндай бөліп төлеу салықтық несие немесе инвестициялық салықтық несие сияқты тәсілдер біздің Салық кодексімен қарастырылмаған.
Сондай-ақ, салықтарды төлеуді кейінге қалдыру құқығы, босатылған қаражаттарды пайдалану бойынша міндеттемелері бар кәсіпорындар және салалар реттелмеген және т.б. Экономикалық дағдарыс жағдайларында салықтық ынталандыруды қолданудан қалып қою отандық кәсіпорындарды ЕАЭО аясындағы бәсекелестікте белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Сонымен қатар, Мәжілістің қазіргі шақырылымының жұмысының басында кейбір БАҚ сыртқы нарықтардағы ахуалға байланысты жекелеген ірі компаниялардың салық салудан босатылуы орын алды деген тәрізді мәселе көтерген. Адал және әлеуметтік жауапты бизнесті қолдай отырып, тіпті ең стратегиялық маңызы бар өндірістерге қолдау көрсету мақсатында мемлекет үшін салықтардан толық босату орнына - оларға орнықсыздық кезеңінде кәсіпорындар жағдайы тұрақтағаннан кейін берешегін өтей отырып, салықтық несиелендіру кезеңінде тұрақсыздық өтей отырып, салықтық несиелендіруді беру тиімді болар еді.  
 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 'Ақ жол' демократиялық фракциясы, Сізден, құрметті Кәрім Қажымқанұлы:
1)                    Мемлекет Басшысы тапсырғандай, тек шағын ғана емес, сонымен қатар орта бизнес қызметінің алғашқы үш жылына салықтық демалыстарды тарату мәселесін қайта қарауды сұрайды.  Өйткені, шағын бизнес – бұл, негізінен, сауда, қызмет көрсету салалары мен шаруа қожалықтары. Ал өңдеуші өнеркәсіптегі кез-келген кәсіпорын, талап етілетін негізгі қорлар (құрал-жабдықтар, ғимараттар) құнына орай орта бизнеске жатады.
2)                    Агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары, тамақ, машина жасау, жеңіл, фармацевтикалық және басқа да басым салаларға босайтын қаражаттарды өндіріске инвестициялау міндеттемесімен салықтарды төлеу мерзімін 5 жылға дейін көшіру мүмкіндігін беру жолымен инвестициялық салықтық несиелендіруді енгізу туралы мәселесін қарауды;
3)                    Бұрын қандай кәсіпорындарда салық төлеу  кейінге қалдырылғаны, бұл кәсіпорындар экономиканың басым секторларына және атап айтқанда, қандай секторларға жататыны, сондай-ақ осындай компанияларға қандай шарттар мен міндеттемелер жүктелгені жайлы ақпарат беруді сұрайды.
 
 
 
Құрметпен,
'Ақ жол' КДП фракция депутаттары