Бүгін, 2026 жылдың
29 шілдесі күні «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қызылорда облыстық
сайлауалды штабының мүшелері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының
(ЕҚЫҰ) ұзақ мерзімді халықаралық байқаушылар миссиясының өкілдері Anja Bronny
мен Ilya Chubarov-пен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – 2026 жылғы 23 тамызға
тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының облыстық
сайлауалды штабының дайындық барысымен танысу, облыс бойынша атқарылып жатқан
ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат алмасу және халықаралық
байқаушылардың сайлау процесін бақылауға қатысты өзара ынтымақтастық
мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық
сайлауалды штабының мүшелері партияның облыс бойынша сайлау науқанына дайындық
жұмыстары мен партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына кеңінен
тоқталды.
Сондай-ақ,
облыстық штаб мүшелері тарапынан сайлаушыларға ақпараттық-түсіндіру
жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен үгіт-насихат жұмыстарының жоспарға сәйкес,
кезең-кезеңмен жүріп жатқандығын, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, олардың арасындағы әйелдер мен мүгедектігі бар азаматтардың
үлесі мен жас ерекшілігі туралы толық мәлімет берді.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді байқаушылары
өңірдің негізінен ауыл-шаруашылығы
өнімдерін өндіретіндігін айта келе, «Ақ жол» партиясының бағдарламасында ауыл тұрғындарына және ауыл
шаруашылығына арналған басымдықтары туралы берілген сұрағына, облыстық штаб
мүшелері партияның негізгі ұстанымдарының бірі кіші және орта бизнесті қолдау
болатын болса, бағдарламаның басым бөліктері осы ауыл шаруашылығы саласындағы
еңбек ететін кәсіп иелеріне де бағытталғандығын түсіндірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Облыстық штаб
мүшелері сайлау науқаны барысында өзара ақпарат алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірсе, ЕҚЫҰ өкілдері қойылған сауалдарға ашық, әрі
мүлткісіз жауап берген Ақжолдықтарға ризашылықтарын білдіріп, кездесу соңында
естелік суретке түсті.
