«Ақ жол» демпартиясынан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Олжас Нұралдинов, Константин Логутов және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бискультанов «Сантех комплект Групп» ЖШС-нің бас офисінде болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.
Жиын барысында кандидаттар Олжас Нұралдинов пен Константин Логутов сайлаушыларға «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Парламентте атқарылған нәтижелі жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен бірге, кездесуде Қазақстан Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Алматы қалалық мәслихатының VII шақырылымындағы «Ақ жол» фракциясының депутаты Ербол Омарханов сөз сөйледі. Ол жүздеген мың азаматты әлеуметтік тығырыққа тіреген микроқаржы ұйымдарының заңсыз қызметін шектеу және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту (ҚР ҚК 214-1-бабы) бағытында партия тарапынан жүргізілген ауқымды заңнамалық жұмыстарға тоқталды.
Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. «Ақ жол» демпартиясы сайлау бюллетенінде №6 нөмірімен белгіленген.
Өзгерістер
үшін дауыс берейік! Өзгерістер қажет!
.jpeg)