24
Қантар

Санат жоқ 24.01.2013

ТЖМ дайындалған «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы өрттен құтқару мәселелерінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес ұйымдардың алдындағы заңсыз басымдығын енгізеді, ал Президенттің кешегі сынынан кейін ТЖМ-нің өзінің бақылау өкілеттігін нығайтуға ұмтылуы кәсіпорындарды негізсіз тексерулерді заңдандырып алуға талпыныс болып көрінеді – «Ақ жол» ҚДП

24 қаңтар 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

        ТЖМ дайындалған «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы өрттен құтқару мәселелерінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес ұйымдардың алдындағы заңсыз басымдығын енгізеді – бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде заң жобасының таныстырылымында «Ақ жол» фракциясының  депутаттары осылай деп атап өтті.
     Партия төрағасы Азат Перуашев аталған заң жобасының 65-бабынан дәйексөз келтірді, онда мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерді тек  «...қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде» ғана сөндіреді деп тікелей айтылған.
       65-бап сондай-ақ, барлық басқа жағдайларда (яғни, мемлекеттік емес объектілерде, жеке кәсіпорындарда және т.б.) өрт сөндіру «мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен» жүргізілуін ұсынады. Мұнымен бірге осы Заң жобасының 58 бабы бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі «шартқа отыру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкіндігін» (коммерциялық екені белгілі) көрсетеді.
       Қазақстан демократтарының көшбасшысы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің көрсететін қызметтеріне құқылы және мұндай құқығы жоқтықтан мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен коммерциялық шарттарға отыруға мәжбүр болатындай етіп объектілерді бөлу – азаматтардың құқығының теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бабы), мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылуы және бірдей қорғалуы (ҚР Конституциясының 6-бабы), азаматтардың өмір сүру құқығы (ҚР Конституциясының 15-бабы), денсаулығын сақтау (ҚР Конституциясының 29-бабы) және өмір сүруге және денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғау (ҚР Конституциясының 31-бабы) туралы ҚР Конституциясының нормаларына тікелей қайшы келетініне сенімді.
       Тіпті егер мемлекеттік және жеке меншіктің Конституциямен кепілдендірілген теңдігі туралы «ұмытсақ», жеке кәсіпорындардың өзінің мемлекет тарапынан қауіпсіздігі мен қорғалуын салықтар арқылы төлеп қойғанын «ұмытсақ» та, бізге қандай норманы негізге алып, жеке кәсіпорындардың қызметкерлерінің осы заң жобасымен мемлекеттік өртке қарсы қызметпен тегін қорғауға кепілдік берілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен салыстырғанда өрттен қорғау құқығын шектеу ұсынылып отырғаны бәрібір түсініксіз – деп атап көрсетеді «ақжолдықтар».
       Көрсетілген талаптардан «Ақ жол» ҚДП ТЖМ ведомстволық бағыныстылықтағы ұйымдарының: «Өрт сөндіруші» АҚ және бірқатар ЖШС-нің коммерциялық мүдделерін тікелей лоббилауын көріп отыр, олар шын мәнінде мемлекеттік бөлінбейтін функция болып табылатын өртке қарсы қызмет етуге кәсіпорындарды коммерциялық шарттарға отыруғызу арқылы мәжбүрлейді. 
       «Кеше ғана мемлекеттік функциялар туралы жобаны талқылағанда, біз министр Досаевтың алдына мемлекеттік функцияларды негізсіз коммерцияландыру және оған ревизия жасаудың қажеттігі жайында мәселе қойдық – деп еске салды «Ақ жол» ҚДП төрағасы, - Қол бұраумен конституциялық емес заң жобаларын енгізудің орнына ТЖМ барлық өркениетті елдердегідей қалыпты ынталандырушы шараларды неге әзірлемейді?».
       Заң жобасының басқа да толып жатқан талаптары сұрақтар туындатады. Мысалы, 1-баптың 24 тармақшасы «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша тұрғындар теледидарларын, радио және басқа ақпарат қабылдау құралдарын өшіріп тастауға,  беріліп жатқан барлық ақпаратты мұқият тыңдауға  міндетті және содан кейін ғана өзін және жақындарын құтқаруды бастауы тиістігін қарастырады. «Жалпы қауіпсіздіктің барлық нормалары бойынша, ТЖ-дың алғашқы дабылынан кейін-ақ, тұрғындар теледидар қарап отырмай, тез арада қауіпті аумақтарды тастап кетуі тиіс. Оның үстіне, қолданыстағы талаптардың бірі, мысалы, жер сілкінісі кезіндегі өрт қауіпсіздігі немесе су тасқыны кезінде дереу барлық электр құралдарын жүйеден ажырату болып табылады» - деп ескерте кетті бұған байланысты Азат Перуашев.
       Заң жобасынан төтенше жағдайда туындайтын қаржы мәселелерін, жергілікті органдармен құзыреттілік пен жауапкершілікті бөлісуді шешудің тәртіптерін түсіну қиын. Мәселен, 5-баптың 6-тармағында хабарлау жүйесін іске қосу туралы өкім шығару ТЖМ-нің жедел тәуліктік қызметінен жергілікті әкімдерге берілуі қарастырылған. Жауапкершілікті ауыстырудан басқа, бұл адамдарды бірден шұғыл құтқаруға кірісудің орнына құтқару операцияларының басталуын қосымша инстанциямен келісуге итермелейді, ал ол уақытты жоғалтуға және құрбандардың көбеюіне әкеліп соқтырады. Депутат жиналғандардың есіне Қызылағаш селосындағы қайғылы оқиғаны салды, онда осыған ұқсас үйлестірілмеушілік көп адам құрбандықтарына әкелді. 
       Енгізілген заң жобасын бағалай келіп, «Ақ жол» депутаттары тұтастай алғанда азаматтарды құтқару үшін жасалуы тиіс заңның орнына бұрынғы бірнеше құжаттарды біріктіріп, бірақ оларды уақыт талабына сай мазмұнға толтырмай ТЖМ «өздеріне қолайлылық үшін» заң әзірлеген. Мәселен, хабарлау жүйесін жаңғырту туралы сұраққа жауап бере келе министрлік басшылығы сөз қалалар мен селоларды дауыс зорайтқыштармен жабдықтау жайлы болып отыр деп түсіндірді.
       «Білмеймін, мүмкін жүз жыл бүрын, 1913 жылы дауыс зорайтқыштарды жаңғырту деп атауға болар – деді бұл жайында Азат Перуашев» - бірақ ТЖ-да көбіне  электр желілері тоқтан ажырап қалады, сонда дауыс зорайтқыштардан қандай пайда бар? Ал біз ХХ1 ғасырда, ақпараттандыру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз».
       Ұсынылған заң жобасындағы елеулі кемшіліктің бірі деп Азат Перуашев аталған мемлекеттік органға тән емес функцияларды өзіне бағынысты етуге, әрі бір мезетте олардың орындалуы үшін жауапкершіліктен кетуге ұмтылысын атады. Осылайша, құжаттың бүкіл мәтіні бойынша ТЖМ органдарының бақылауға, кәсіпорындарды олардың қызметтерін тоқтатуға дейін тексеруге өкілеттіктері жазылған, бірақ бұл ретте заң жобасын жасаушының өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік пен бақылаудың қандай да бір нақты тетіктері жоқ.
       Оның есесіне кәсіпорындарды тексеру бойынша өкілеттіктер егжей-тегжейлі және толық жазылған, және бұл беталыс тек жобада ғана емес, тұтастай алғанда да ТЖМ ерекшелігіне айналған. БАҚ хабарлағанындай, Мемлекет басшысы үкіметпен болған кешегі кеңесте барлық меморгандар кәсіпорындарды тексеруді азайтуда, мысалы, салық органдары оны 4 есеге қысқартқан. Ал ТЖМ керісінше 7 есеге көбейткен, оның негізділігі сұрақтар туындатады. Президент тіпті үкіметке және Бас прокуратураға ТЖМ тексерулеріне ревизия жүргізуді тапсырды.
       Сондықтан ТЖМ-нің бұндай өкілеттіктерді заң арқылы бекітуге талпынысы кәсіпорындарды тиісті негіздемелерсіз тексеруге тым табанды құлшынысын жасыру әрекеті болып көрінеді.
       Осындай  талаптардың болуын негізге ала отырып, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ұсынылған редакцияда заң жобасын қабылдауға жол беруге болмайтыны және оны терең тұжырымдамалық өңдеу қажеттігі туралы мәлімдеді. 
       Қосымшада – А. Перуашевтің 2013 жылғы 24 қаңтарда «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасының таныстырылымындағы сөзінің толық мәтіні.
 
 
 
 
 
А. Перуашевтің ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы»
Заң жобасының тұсаукесерінде сөйлеген сөзі

24 қаңтар 2013 жыл
 
       Қаралып отырған Заң жобасын енгізу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қауіпі ретінде және олардың алдын алуға және салдарларын жоюдағы қолданыстағы бар тәсілдерін жаңғыртудың қажеттілігіне байланысты сөзсіз өзекті болып табылады.
       Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мүддесіне сай тұрғыдан нақты қолдану жағынан қарасақ, құжаттың практикалық құрамдас бөліктері бұрынғыдан да маңызды болып көрінеді.
       Ұсынылған құжатты баяндалған талаптарға қатысты талдай келе, мынаны атап өту қажет деп есептейміз:
 1) Заң жобасында:
«төтенше жағдайларды ескерту»,
«төтенше жағдайларды жою»,
          «төтенше жағдайлардың салдарларын жою» сияқты осы сала үшін базалық ұғымдарға бір мағыналы анықтамалар жоқ (Заң жобасының 1-бабы) және шектеулер берілмеген.
        Былайынша алғанда олар мәтінде кездеседі, алайда тиісті дәрежеде өзара байланыспаған және жүйеленбеген. 
       Сонымен бірге, көрсетілген ұғымдар азаматтық қорғаудың барлық жүйесі үшін негізгі болып табылады, себебі қызметтің жай ғана дербес кезеңдерін сипаттамайды, сонымен бірге субъектілердің өздерінің материалды-техникалық базасын және  жауапкершілік дәрежесі бар өзара іс-әрекеттерінің түрлі формаларын, шешімдер қабылдаудың әртүрлі орталықтарын білдіреді.
          Мәселен, ТЖ алдын алу өрт сөндіру, өнеркәсіптік, санитарлық, экологиялық және өзге қауіпсіздік талаптарын сақтау негізінде барлық азаматтармен, ұйымдармен және мемлекеттік органдармен тұрақты режімде және өздерінің өкілеттігі шеңберінде жүргізіле алады және жүргізілуге тиіс. Бұл нормалар ТЖ алдын алу оларды анықтау және алғашқы ден қою (хабарлау) бойынша кешенді шараларды құрайды. Мұнда әрбір ұйым немесе мемлекеттік орган шешім қабылдау орталығы болып табылады.
         ТЖ жою, көрсетілген шаралармен қатар өртке қарсы қызмет, құтқару қызметі, дәрігерлік жедел жәрдем қызметі, құқықтық тәртіп қорғау, коммуналдық шаруашылық, көлік және ақпарат және т.б. тиісті мемлекеттік органдардың арнайы шұғыл іс-шараларын орындауын білдіреді. Осы іс-шаралар, олардың төтенше  сипатты күшіне және мемлекеттік органдардың ерекше өкілеттіктеріне байланысты оны жоюға дейінгі төтенше жағдайдың тікелей өзінің уақытша шеңберімен шектелген. Бұл кезеңде шешім қабылдау арнайы қызметтердің бағыттары бойынша (өрт сөндіру, құтқару, жедел жәрдем, полиция, энергетика және т.б.), сондай-ақ ТЖ жою жөніндегі штабтарда шоғырландырылады.
            ТЖ салдарларын жою  өзіне мемлекеттік және қоғамдық объектілерде осы салаларда жетекшілік ететін мемлекеттік органдармен ұйымдастырылатын қалпына келтіру жұмыстарын қосады. Бұл жұмыстар кейінгі, ұзаққа созылған кезеңде де жүргізіледі. Шешім қабылдау орталықтары нақты сала немесе аясы бойынша жауапты уәкілетті меморгандар (министрліктер және ведомстволар, әкімдіктер) болады.
          Жоғарыда айтылған бағыттардан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелік сұрақтарына ерекше жауаптар шығады, атап айтқанда:
         а) міндеттер,
         б) оларды шешу үшін ресурстар және өкілеттіктер,
         в) сондай-ақ жауапты тұлғалар.
         Басқаша айтқанда: Не істеу керек, Қалай істеу керек (ресурстар және өкілеттіктер), Кім және қандай іс-әрекетке жауап береді? (Заң жобасының 2,3 тараулары)
          Соңғы мәселе тек сәтсіздікке ұшыраған жағдайда кінәлілерді жазалау үшін ғана емес, әрбір қатысушының құзыретін айқын белгілеу, процеске қатысушылар арасындағы қатынастар және иерархиясын анықтауға асыл уақыттарын жоғалтуды болдырмау; сондай-ақ мемлекеттік ресурстар мен қаржылық қаражаттарға иелік ету бойынша «тіркеліп жүретін» өкілеттіктерге де қатысты өзекті.
        Осылайша, алдын алу, ТЖ-ды жою және ТЖ-дың салдарларын жою ұғымдарын қолдану, заң дайындаушылармен олардың түсіндірілуі -құжаттың мазмұнына негізгі көзқарастарды айқын анықтауға алғашқы жақындауды білдірер еді, қазіргі жағдайда құжат мәтіні бойынша шашыраңқы және оның өз ережелерімен жиі қарама қайшылықтағы  жанама белгілер  бойынша төрелік айтуға тура келеді.
         Заң жобасында жоғарыда көрсетілген ұғымдардың жүйеленуінің және олардың шектеулерінің жоқтығының өзі  оны дайындауда кешенді тәсілдеменің болмағандығын көрсетеді. Оның үстіне, ұсынылып отырған Заң жобасы аясында уәкілетті орган төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін  жауапкершілік алмай, оны жергілікті атқарушы органдарға және объектілердің иелеріне жүктеп отыр деген тұрақты пікір қалыптасуда.
           Жоба мәтіні бойынша бірнеше мысалдар:
       2) Заң жобасын жасаушылардың заманауи талаптарға және қазіргі технологиялардың деңгейіне қарай қолдануда төтенше жағдайларда тұрғындарды хабарлау жүйесін жаңғырту міндеттерін анық түсінбеуі Жобада жіберілген елеулі олқылықтар болып табылады. (Заң жобасының 5-бабы)
        Азаматтарды дер кезінде және толық хабардар ету төтенше жағдайлар пайда болғанда тұрғындардың мүмкін болатын шығындарын төмендету үшін негіздік фактор болып табылатынына толық құқықпен сендіруге болады.
        Алайда, Заң жобасы хабарлау жүйесін құру  және қолдану үшін жауаптылар, олардың белсенділігін күшейту реті туралы, сондай-ақ төтенше жағдайларда тұрғындардың әрекеттері бойынша бір мағыналы емес түсініктемелер береді. Оның үстіне, кейбір талаптары талассыз ғана емес, әрі азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп туғызады деп айтуға болады.
        Мысалы, «Баршаңыздың назарыңызға! Хабарлау дабылы» - тұрғындарды хабардар етудің бірыңғай дабылы дыбыстық және сөйлеу пішіміндегі дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен беріледі.  Бұл дабыл бойынша – тереңірек ойланыңыздаршы! – тұрғындар өздерін және жақындарын құтқарудың орнына теледидар, радио және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосуға міндетті, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап және, содан кейін ғана іс-қимыл тәртібі бойынша талаптарды орындайды. (Заң жобасының 1-бабының 24) тармақшасы)
         Жалпы қауіпсіздіктің барлық шаралары бойынша, ТЖ-дың алғашқы дабылынан кейін-ақ, тұрғындар теледидар қарап отырмай, тез арада қауіпті аймақтарды немесе объектілерді тастап кетуі тиіс емес пе? Оның үстіне, қолданыстағы талаптардың бірі, мысалға жер сілкінісі кезіндегі өрт қауіпсіздігі немесе су тасқыны кезінде дереу барлық электр құралдарын жүйеден  ажырату болып табылады.
        Заң жобасына тұрғындарды хабардар етудің  қазіргі заманғы коммуникациялардың нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерімен байланыстырылмаған моральдық және техникалық ескірген нысандар енгізілген деп айтуға болады.
            Мәселен, хабарлау жүйесін жаңғырту туралы сұраққа жауап бере келе министрлік басшылығы сөз қалалар мен селоларды дауыс зорайтқыштармен жабдықтау жайлы болып отыр деп түсіндірді. Білмеймін, мүмкін жүз жыл бүрын, 1913 жылы дауыс зорайтқыштарды жаңғырту деп атауға болар, бірақ ТЖ-да көбіне электр желілері тоқтан ажырап қалады, сонда дауыс зорайтқыштардан қандай пайда бар? Ал біз ХХ1 ғасырда, ақпараттандыру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз.
         Сонымен қатар, заң жобасында хабарлау жүйесін іске (жылдамдату) қосу туралы өкім дербес тәртіппен Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің жедел тәуліктік қызметімен емес, олардың ұсынысы бойынша – жергілікті әкімдермен  берілетіндігі қарастырылған (Заң жобасының 5-бабының 6-тармағы). Бұл жаңа енгізілім шешім қабылдау үшін жауапкершілікті бір-біріне ауыстырудан басқа қосымша тәуекелдіктер тудырады. Нәтижесінде, бірден адамдарды құтқару бойынша шаралар қабылдаудың орнына, құтқару операцияларының басталуын қосымша инстанциямен талқылау және келісу ұсынылады, бұл дүлей апаттарда жағдайларда немесе техногендік апаттар кезінде уақыт жоғалтуға немесе құрбандардың көбеюіне әкелетінін білдіреді. Қызылағаш селосындағы қайғылы оқиғаны еске алсақта жеткілікті, онда осыған ұқсас үйлестірілмеушілік көп адам құрбандықтарына әкелді. Біздің ойымызша бұл тәсілдеме пайда болатын тәуекелдіктерді ескере отырып, байыпты және жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
             3) Заң жобасында «112» бірыңғай кезекші-дипетчерлік қызметі» атауы енгізілген. (Заң жобасының 1-бабының 1-тармақшасы)  «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі - бұл әкімшілік бірлік аумағында орналастырылған барлық шұғыл жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар және көліктің ұйымдық-техникалық күштері мен құралдарының бірігуін қамтитын уәкілетті органмен (ТЖМ) қалыптастырылған қызмет ретінде қарастырылады. Соныменосы аумақтағы  шұғыл қызметтердің барлық күштері және құралдарымен жедел басқаруды жүргізуді ТЖМ беру туралы сөз болады.
        Алайда, бұндай тәсіл өте субъективті,  мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының қазіргі ұйымдастырылуын және халықаралық тәжірибені ескермейді.
        Біріншіден, нақты саладағы нақты проблема бойынша бірден шешім қабылдаудың орнына (мысалы, дәрігерлік мекемелердің жұмыстарын ұйымдастыру немесе қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау бойынша), ұсынылған сызба бойынша бұл мәселелер қосымша инстанцияның (ТЖМ жергілікті органына) қарауына берілуге тиіс болады.
        Екіншіден, сонымен бірге бұл инстанция мысал ретінде келтірілген жағдайлардың бірінде де онша құзыретті емес.
        Үшіншіден, содан соң онымен қабылданған «онша құзыретті емес» шешімдер кері тәртіпте нақты осы бағыт бойынша  тікелей жауапты органға орындалуы үшін қайтадан жеткізіледі және пайда болған келіспеушіліктерді нақтылауды және келісуді талап етуі мүмкін. Мұнымен бірге уақыт өте береді, адамдар опат болады, мемлекеттік органдар әрекет етуден кешігеді, жағдай шиеленісуін және асқынуын жалғастырады.
          112 (АҚШ-та - 911) шұғыл шақыру қызметтерінің жұмыс істеуінің дүниежүзілік тәжірибесі ешқандай қосымша келісімсіз-ақ, олар тиісті ведомстволардағы әрбір  кезекші қызметтерден тікелей келіп түскен шұғыл шақыруларды қабылдау, өңдеу және бөлу міндеттемелерін ғана өте тиімді шешетіндігін көрсетеді, сондай-ақ осы шұғыл қызметтермен олардың игерілуіне бақылау жасайды. 
          Бірақ, бұнымен қатар олар өзінің басшылығында қалған шұғыл қызметтердің күштері мен құралдарын басқару функцияларын орындамайды.
         Бірыңғай телефон нөмірі бойынша шұғыл шақыру қызметтерін ұйымдастырудың қағидасы бастапқыда азаматтардың хабар алуын оңайлату мақсатында құрылған, тіпті де заң жобасын отандық жасаушы қателікпен ойлайтындай көптеген және жан-жақты қызметтерді біртұтас басқаруға бағындыру үшін емес.
          Қатардағы адам қатты қобалжу (аффект) себептерінің салдарынан әрдайым қандай қызметтен полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар, электриктер, газқондырушылар және т.б.  көмек керек екендігін бірден нақты анықтай алмайды. Әдетте, тіпті кәдімгі ЖКО-ның өзінде 2-3 түрлі қызметтің өзара  іс-әрекеттері керек. Сондықтан, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін және барлық қажетті органдарды кешенді қосу мақсатында, дабыл бірыңғай нөмірде қабылданады. Бірақ, әрбір қызмет бұдан әрі бұл дабылды өңдеуді және іске асыруды дербес өткізеді. Диспетчерлік орталықта (біздің жағдайда - 112) ТЖМ-нің желісі бойынша тек орындауды және есеп беруді мониторингтеу ғана қалуы керек.
       Сондықтан, жобада ұсынылған «112 Қызметін» түсіндіру және функционалдық толтыру және оны «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметпен» теңдестіру негізсіз деп санаймыз.
           Заң жобасын жасаушылардың көзқарасы қабылданса, бұл тәсілді практикалық іске асыру жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау жүйесі, полиция, коммуналдық шаруашылық  және т.б. жүйелердегі қазіргі кезекші-диспетчерлік қызметтердің барлық қолданыстағы ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын қайта қараудың және оларды ҚР ТЖМ  қарамағына ведомстволық қайта бағындырудың қажеттілігін білдіретін болады. Қазіргі уақытта барлық кезекші-диспетчерлік қызметтері қолданыстағы сатылы басқаруда құрылымдық жағынан жергілікті әкімдіктерге бағынады және осы аймақтың тұрмыс тіршілік әрекетін қамтамасыз ету аясында тұрған міндеттерді шешеді, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
          Мемлекеттік орган ҚР ТЖМ атынан өзіне тән емес функцияларына иелік етуге үміткер болып, сонысымен жергілікті органдардың тапсырмаларын қайталауға немесе ауыстыруға тырысуда. Біздің пікірімізше, жергілікті әкімдіктердің бағыныстылығындағы бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтерді құру туралы ғана айтуға болады, ал ҚР ТЖМ осы салада коммуникатордың ролін атқаруы керек.
          Заң жобасы ұсынылған күйінде қабылданса жергілікті әкімдіктерден ТЖМ құрылымына кезекші-диспетчерлік қызметтерді, штат санын, бұл қызметтердің техника және жабдықтарын берудің, оларды ұстаудың, материалдық-техникалық базасын пайдаланудың және жаңартудың шығыстарын көтерудің қажеттілігі тұрады, бұл республикалық бюджеттің шығындарының тиісті өсуіне әкеледі.
         Сонымен бірге, ең қиналтатыны, республикалық бюджеттің шығысының осы өсуі жақсартуға емес, керісінше ТЖ жою жөніндегі ұйымдастыруды төмендетуге әкеледі, жоғарыда көрсетілгендей, қосымша «келісетін» және «бақылау» инстанцияларының пайда болуынан іс-әрекеттердің жеделдігі мен құзіреттілігіне нұқсан келеді.
         Біздің пікірімізше, Заң жобасында БКДҚ 112 үшін жазылған функциялары, жағдайлық-дағдарыс орталықтың жұмысын ұйымдастыруға көбірек сәйкес келеді. Заң жобасының мәтінінде «Жағдайлық-дағдарыс орталығы» ұғымы кездеседі, бірақ еш жерде оның дәл анықтамасы жоқ, бұл одан арғы құқыққолдану практикасында Заң нормаларына дәл түсініктемелер беруде қиындықтар тудырады. Сонымен қатар, жағдайлық-дағдарыс орталығы азаматтық қорғау жүйесінің құрылымында зор маңызы бар және  ҚР ТЖМ базасында  жұмыс істеуі және дамуы тиіс, мәселен оны, заң жобасын жасаушылар тұрғындарды уақытылы хабарлау мақсатында жергілікті әкімдіктерге жүктеуді ұсынады.
          4) 2010 жылдан бері осы заң жобасын ашық талқылаудың барысында  әлдеқашан  азаматтар және ұйымдармен салық арқылы бюджетке ақысы төленіп қойылған мемлекеттік қызметтерді ТЖМ-нің саудаға айналдыруға тырысуы ерекше мазалайды (Заң жобасының 10,11 тараулары).
          Сонымен, ұсынылған Заң жобасында оны әзірлеушінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің өкілеттіктері мен функцияларын заң жүзінде бекітуге тырысуы анық көрініп тұр, бұл практикада ведомство ішіндегі коммерциялық мүдделердің лоббиленуіне әкеледі.
           Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет деп заң жобасын жасаушылар ҚР ТЖМ-нің құрылымына кіретін «Өрт Сөндіруші» АҚ-н түсінетіні  және мемлекеттік бюджеттің есебінен коммерциялық қызметті  жүргізуде негізсіз басымдылықты пайдаланатыны  анық.
          «Өрт Сөндіруші» АҚ тарапынан мәлімделген қызмет спектрі жалпы мемлекеттік міндеттерді орындауды анық көрсетпей тұрғанына назар аударғанымыз жөн (Заң жобасының 64-бабы), ал атап айтқанда:
           өрт техникаларын, өрт-техникалық жарақтары, жабдықтар, өртке қарсы қорғаныс және адамдарды құтқару құралдарын жеткізу;
           автоматты өрт сөндіру және өрт-күзет дабылдамалары жүйелерін және құралдарын жобалау;
           автоматты өрт сөндіру және өрт-күзет дабылдамалары құралдарына монтаж, техникалық-қызмет көрсету жүйелерді жөндеу; 
           трубопештік жұмыстары;
           ұйымдар және объектілер үшін нормалар талаптарына сәйкес өртке қарсы жабдықтардың қажеттіліктерін анықтау және т.б.
           Сонымен қатар, «Өрт Сөндіруші» АҚ тарапынан мәлімделген өрттерден қорғау, авариялық-құтқару жұмысы, газдан құтқару, тау-кен құтқару жұмыстары, шұғыл дәрігерлік көмек сияқты қызметтері шын мәнінде, ҚР ТЖМ-мен коммерциялық негізде емес жүзеге асырылуы тиіс.
         Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлігін мемлекеттік емес «Өрт Сөндіруші» АҚ-ның юрисдикциясына өткізу,  сондай-ақ осы АҚ-ды ақылы негізде қызметтерді  жүзеге асыратын мемлекеттік өртке қарсы қызметтің құқықтық мирасқоры деп тану ҚР «Бәсекелестік туралы»  Заңын тікелей бұзушылық болып табылады деп санаймыз.
       5) Оның үстіне заң жобасында ұсынылған мемлекеттік өртке қарсы қызметтің көрсететін қызметтеріне құқылы және мұндай құқығы жоқтықтан мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен коммерциялық шарттарға отыруға мәжбүр болатындай етіп объектілерді бөлу (11, 16, 58, 65-баптар) не мемлекеттік өртке қарсы қызметтің шығындарын өтеу (11-бап) – азаматтардың құқығының теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бабы), мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылуы және бірдей қорғалуы (ҚР Конституциясының 6-бабы), азаматтардың өмір сүру құқығы (ҚР Конституциясының 15-бабы), денсаулығын сақтау (ҚР Конституциясының 29-бабы) және өмір сүруге және денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғау (ҚР Конституциясының 31-бабы) туралы ҚР Конституциясының нормаларына тікелей қайшы келеді.
       Заң жобасының 65-бабында мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерді тек «...қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде» ғана сөндіреді деп тікелей айтылған.
       65-бап сондай-ақ, барлық басқа жағдайларда (яғни, мемлекеттік емес объектілерде, жеке кәсіпорындарда және т.б.) өрт сөндіру «мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен» жүргізілуін ұсынады. Мұнымен бірге осы Заң жобасының 58 бабы бұл жағдайда өрт қауіпсіздігі «шартқа отыру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкіндігін» (коммерциялық екені белгілі) көрсетеді.
       Тіпті егер мемлекеттік және жеке меншіктің Конституциямен кепілдендірілген теңдігі туралы «ұмытсақ» та, жеке кәсіпорындардың өзінің мемлекет тарапынан қауіпсіздігі мен қорғалуын салықтар арқылы төлеп қойғанын «ұмытсақ» та, бізге қандай норманы негізге алып, жеке кәсіпорындардың қызметкерлерінің осы заң жобасымен мемлекеттік өртке қарсы қызметпен тегін қорғауға кепілдік берілген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен салыстырғанда өрттен қорғау құқығын шектеу ұсынылып отырғаны бәрібір түсініксіз.
         6) Қалыптасқан жағдайда, ҚР ТЖМ ведомствоға қарасты өзінің «Өрт Сөндіруші» АҚ және онымен аффилирленген коммерциялық ұйымдар (төрт ЖШС-і түрінде) арқылы мемлекеттік органдарға тән емес коммерциялық қызметтермен айналысады, әрі мұның тұтастай алғанда басқа да бірқатар жағымсыз салдарлары, оның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуі және нарықтағы осыған ұқсас қызметтерден шағын және орта бизнесті «ығыстырып шығару» бар. Тікелей мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өзінің экономикалық көрсеткіштері үшін нақты қаржылық жауапкершілікке тартылмайтын, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде басымдылығы бар мемлекеттік компаниямен жеке кәсіпорындар ешқандай жағдайларда бәсекелес бола алмайтынын анық түсіну керек. (Заң жобасының 64-бабы)
         Мұның үстіне, Заң жобасын жасаушы ретінде ҚР ТЖМ, Мемлекет басшысының ««Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге қарама-қайшы келеді.
          Жолдаудың «Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау» деген екінші бөлімінде Президент Н.А.Назарбаев мемлекеттің экономикадағы рөлін өзгертуді талап етеді: «Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан, біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл- отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам».
          Алайда, біз «Азаматтық  қорғау туралы» заң жобасы жағдайында  бізде керісінше мысал бар – жеке кәсіпкерлік саласына шенеуніктердің мүдделілікпен және нарыққа тән емес араласушылықпен мемлекеттік органдардың коммерциялық функцияларын қысқарту емес, кеңейтуге және заңдық тұрғыда бекітуге деген әрекетін көріп отырмыз.
        Қол бұраумен конституциялық емес заң жобаларын енгізудің орнына ТЖМ бүкіл өркениетті әлемдегідей мемлекет ерікті өрт сөндіру жасақтарын қолдайтын және әлеуметтік жағынан қорғайтын, кәсіпорындардың осыған ұқсас шығындарын субсидиялайтын, оны салық салу кезінде шегеріске жатқызатын және т.б. қалыпты ынталандырушы шараларды әзірлемейді?
           6. Ұсынылған Заң жобасындағы елеулі кемшіліктерінің бірі уәкілетті мемлекеттік органдардың және басқа ведомствалар мен ұйымдардың қисынды құрылған өзара әрекеттестігінің, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда олардың өкілеттіктері және жауапкершілігінің жоқтығы болып табылады (Заң жобасының 12-бабы).
           Керісінше, заң жобасын жасаушы тарапынан осы мемлекеттік органға тән емес функцияларды өзіне бағынысты етуге, әрі бір мезетте оларды орындалуы үшін жауапкершіліктен кетуге ұмтылысы байқалады. Осылайша, құжаттың бүкіл мәтіні бойынша ТЖМ органдарының  бақылауға, кәсіпорындарды олардың қызметтерін тоқтатуға дейін тексеруге өкілеттіліктері жазылған, бірақ бұл ретте заң жобасын жасаушының өз жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілік пен бақылаудың қандайда бір нақты тетіктері жоқ. 
           Оның есесіне кәсіпорындарды тексеру бойынша өкілеттіктер егжей-тегжейлі және толық жазылған, және бұл беталыс тек жобада ғана емес, тұтастай алғанда да ТЖМ ерекшелігіне айналған. Тіпті Мемлекет басшысының өзі үкіметпен болған кешегі кеңесте барлық меморгандар кәсіпорындарды тексеруді азайтуда, мысалы, салық органдары оны 4 есеге қысқартқанына назар аударды. Ал ТЖМ керісінше 7 есеге көбейткен, оның негізділігі сұрақтар туындатады. Президент тіпті үкіметке және Бас прокуратураға ТЖМ тексерулеріне ревизия жүргізуді тапсырды.
           Сондықтан ТЖМ-нің бұндай өкілеттіктерді заң арқылы бекітуге талпынысы кәсіпорындарды тиісті негіздемелерсіз тексеруге тым табанды құлшынысын жасыру әрекеті болып көрінеді.
         Заң жобасында шын мәнісінде Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғауды ұйымдастыру жүйесі көрсетілмеген, бұл оның мазмұнын азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға еш қатысы жоқ, негізінен оның мазмұнын өкілеттіктері мен қаржыландыруды қайта бөлуге байланысты екінші дәрежелі және ведомстволық тар мәселелерге әкеліп тірейді. Жобаның бөлімдерінің қисынды құрылымы және өзара байланысы көрсетілмеген;  негіздік анықтамалар ашылмаған немесе бұрмаланған.
            Мысалы, заң жобасын жасаушы «құтқару» (Заң жобасының 1-бабының 37-тармақшасы)  дегенді «адамдарға көмек көрсету және төтенше жағдайлар аймағынан (орнынан) көшіріп әкету немесе төтенше жағдайлар салдарлары әсерінен адамдарды қорғау жөніндегі шаралардың жиынтығы» деп анықтайды. Ал «көмек», «көшіру» және «қорғау» ұғымдары, тіпті жиынтықтап алғанда да «құтқару» ұғымымен бірдей емес және жеке мағыналы мазмұны бар. «Құтқару» сөзі үшін басқа мағынасы принципті маңызды болып табылады, ол өмірді сақтау,  ал «көшіру» мүмкін тәсілдердің бірі ғана болып табылады. Сондықтан, мамандармен осы ұғымға өзгеше анықтама беру ұсынылады, мысалға «Пайда болған қауіп қатерден адамдар өмірін сақтау, оның ішінде оларды қауіпті аймақтан қауіпсіз аймаққа ауыстыру» да бар, бойынша іс әрекеттер.
        Бірқатар негіздік анықтамаларды орынсыз түсіндіруге байланысты, не (осы Қорытындының  басында көрсетілгендей) олардың толығымен жоқтығынан Заң баптарының мағынасы жиі бұрмаланады. Тұрғындарды хабарлау, төтенше жағдайларды ескерту және жою реті жөніндегі талаптар, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілік деңгейлері толық көлемде келтірілмеген,  әрі оларды тиімді практикалық тұрғыда қолдануға мүмкіндік бермейтіндей редакцияланған.
        Заң тұжырымдамасы азаматтық қорғау жүйесінің құрылымдық және ұйымдастыру тәртібін толық көлемде көрсетпейді және ресми түрдегі жалпы мәлімдемелермен толы. Бұдан басқа, сілтеме нормалардың тым көп болуы заң нормаларын практикалық іске асыруды оларды заң шығарушы ҚР Парламенті атынан емес, атқарушы органдармен қабылданатын заңға тәуелді актілерді түсіндірулерге мейлінше кіріптар етіп қояды, ал мұны біз көтерілетін мәселелердің қоғамдық маңызын есепке алғанда қате деп ойлаймыз.
         Енгізілген заң жобасын бағалай келіп, тұтастай алғанда азаматтарды құтқару үшін жасалуы тиіс заңның орнына бұрынғы бірнеше құжаттарды біріктіріп, бірақ оларды уақыт талабына сай мазмұнға толтырмай ТЖМ «өздеріне қолайлылық үшін» заң әзірлеген.
         Сонымен осы заң жобасына бастамашылдық жасау мәнін жоғалтты.
        Оны ұсынылған редакцияда қабылдауға жол беруге болмайды деп есептейміз және ол байыпты тұжырымдамалық өңдеуді талап етеді.