24
Апрель

Доклад А.Перуашева по проекту предвыборной программы на XV съезде ДПК «Ак жол»

Қадірлі отандастар!

Қазақстан жаңа тарихи дәуірдің босағасын аттағалы тұр!

Еліміз Тәуелсіздік жариялағаннан бастап,бүгінгі бақуатты да күшті  мемлекетке жету үшін үлкен де күрделі кезеңнен өтті. Біз Ұлт көшбасшысы бастап, дарынды халқы қостаған бұл батырлардың жолына бүгінде аса ризалықпен қараймыз. Олардың қайсарлығы мен батылдығына тарих әлі өз бағас ын берер!

Ал, болашаққа арналған бұл бағдарламада,біздің азаматтарымыз жаңа кезеңде жағдайларының одан әрі жақсарып, қарыштап дамуы үшін қандай кедергілер мен асулардан өту керек екенін анықтап, бағалауға тырысамыз. Ал бүгінгі заманда нарықтық экономика мен саяси еркіндік бұл көздің ағы мен қарасындай егіз ұғым.

Экономикалық монополия бар елде демократия бола алмайды.

Адал бәсеке жоқ жерде жаппай кәсіпкерлік те жоқ.

Сондықтан, жақсы өмірге жаңа мүмкіндіктер ашу және осы жолдағы кедергіден үзілді кесілді бас тартуымыз керек.

Бұл деген - жемқорлық, әділсіздік, надандық, адамгершіліксіз.

Жақсы өмірдің негізі шенеуніктер емес, нарықтық экономика, демократия және әлеуметтік әділдік болып табылады.

 

 1. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ – БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІК

Халықтың әл-ауқатының басты шарты– тұрақты даму, күшті жеке бизнес, адал бәсекелестік.

«Ақ жол» партиясы әрдайым жеке, ең алдымен, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың тұрақты жақтаушысы болып келді. Бүгінгі күні елдің алдында жаһандық сын-тегеуріндері тұр, оларды еңсерусіз бұдан әрі даму мүмкін емес.

Осы қауіптерді жаңа мүмкіндіктерге айналдыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асыру қажет:

 

● Ұлттық банктен және екінші дәрежелі банктерден несиелер бойынша ставкаларын төмендетілу. Несиелер ставкалары теңгемен 5-7 проценттен аспау керек.

● Шағын және орта бизнестің құлдырауына және халықтың кедейленуіне әкеп соқтыратын  тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату.

Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдесе, бірақ ол орын алатын болса – мұндай шенеунік отставкаға кетуге тиіс.

● Банктердің Ұлттық қордан ақша алып, осы қаражаттарды Ұлттық банк және Зейнетақы қорының қағаздарына емес, бизнеске арналған несиелерге бағыттау.

● Ұлттық қордың қаражатын шетелде ұстамай, отандық экономикаға салу керек.

● Қор құралдары арқылы баламалы, банктік емес қаржыландыру дамыту керек. Ең алдымен МФЦА шеңберінде құрылатын кәсіпорындарды қаржыландырудың осындай түрлеріне мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.

● салықты әкімшілендіруді және есептілікті жеңілдету, шоттарға тыйым салудан және бизнестің шығыс операцияларын тоқтатудан бас тарту;егер кәсіпкерлердің бұзушылықтары мемлекетке немесе басқа тұлғаларға залалын тигізбеген болса, кәсіпкерлер үшін айыппұлдарды жою;

● кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту;

● басымдылықты салалар үшін 0%-дан (ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдері үшін) 6%-ға дейін (жеңіл және тағам өнеркәсібі, машина жасау үшін) төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесін енгізу; немесе – ҚҚС-ті тек қана ақырғы пайдаланушыға дайын өнімді сатудан каскадсыз әдіспен сатылымдардан алынатын 5% көлеміндегі салыққа ауыстыру;

● мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту, экономиканың бәсекелі секторларындағы мемлекеттің қатысатын кәсіпорындарды жекешелендіру;

мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, келісу және пара беру мүмкіндігін болдырмау;

● шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар мен ішкі нарықта мемлекеттік сатып алуда отандық кәсіпорындардың басымдылығын қамтамасыз ету;

ұлттық компаниялардың және даму институттарының қызметіне парламенттік мониторинг енгізу, олармен мемлекеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.

Ұлттық компаниялардың барлық кірісі бюджетке түсу керек, ал олардың салықтары бюджеттен алынатын сомалардан асуға міндетті.

 Мемлекет өздігінен табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және басқаларға жұмыс беретіндерді қолдауға міндетті!

 

2. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ «АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ РЕТІНДЕ

Тәуелсіздік және ұлттық мүдделер – әрқайсымыз үшін басты құндылық. Тәуелсіздік үшін аяйтын еш нәрсе жоқ – бұл заманауи Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Ал «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан айтқандай: «Мемлекеттілігі жоқ халық – жетім халық».

Сол себептен Қазақ Республикасының Тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау әрбір азамат үшін маңызды міндет болып табылады. Тәуелсіздік – бос сөз емес. Бұл біздің Ел, Жер, бабаларымыздан қалған Мұра, бұл мемлекеттік тіл, бұл біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі.

 

● Тәуелсіздік, жер тұтастығы және ұлттық бірегейлік, - әрбір адамның құқықтарымен және бостандықтарымен қатар Республиканың бас құндылықтары болып табылады.

Тәуелсіздіктің негізінде қазақ халқының азаттыққа және мемлекеттілікке тарихи ұмтылысы ретінде «Алаш» идеясы жатыр.

● Бұл орайда, Тәуелсіздіктің маңызды жетістігі біздің елде өмір сүретін барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген өзара сыйластық; азаматтардың тең құқықтары мен ұлттық сезімдеріне құрмет болып табылады.

● «Ақ жол» партиясы Қазақстанның ұлттық тарихына, мемлекеттік тілі мен қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың мәдениеті мен тілдеріне деген сыйластықты қолдайды;

● «Ақ жол» партиясы сондай-ақ Республикамыздың географиялық объектілердің, көшелер мен елді мекендердің атауларындағы тарихи әділдікті қалпына келтіру, отарсыздандыру және де-советизация бойынша жұмысын жалғастырады.

Біз, Тәуелсіздіктің ширек ғасырынан кейін біздің көшелеріміз бен елді мекендердің атауларында елімізге бөтен және тіпті қазақ халқын қорлаған адамдардың есімдерін сақтау құлдық сана деп санаймыз.

● «Ақ жол» партиясы «Алаш» идеологиялық мұрасын Қазақстанның ұлттық идеясы ретінде қарастырады, өзін оның рухани ізбасары деп біледі және мемлекеттік құрылыста, экономика мен рухани өмірде «Алаш» ұстанымдарын насихаттайды. Бұл: парламентаризм, бәсекелестік, ресурсты ұлтшылық, жаңғырту, ашықтық, білімді және зайырлы мемлекет.

Біз «Алаш» идеясын жалпы халықтық деп есептейміз және оны жүзеге асыруда басқа да қоғамдық күштермен бірге атсалысуға дайынбыз. Сонымен қатар біздің партияның да немесе басқа адамдар тобының да, «Алаш» идеясына ешқандай «айрықша құқықтары» жоқ.  

Өзін қазақ деп санайтың адам үшін, «Алаш» идеясы ауа мен еркіндік сияқты туа біткен төл ұғым!

 

● Бұл орайда экономика мұқтаждықтары мен өндірістік күштердің орналасуына сәйкес қоныстандыруды қамтамасыз етіп, отандастарымызды тарихи отанына қайтару бойынша көші-қон саясатын күшейту;

● Республика Конституциясының негізгі талаптарын, мемлекеттік тілді және Қазақстан тарихынан емтиханды тапсырған соң ғана азаматтық беруді заңмен бекіту;

● Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдау, қоғамның рухани саласын бөтен секталар мен ағымдардан қорғау қажет деп есептейміз.

● Шенеуніктер тұрақтылықты өздерінің қателіктері мен құлықсыздығын ақтайтын «фетишке» айналдырды. Бірақ тұрақтылық өзі- өздігінен халыққа әл-ауқаттың және тіршілік сапасының өсуін қамтамасыз ете алмайды.

Бизнес дамымаса, бәсекеге қауқарсыз болса, онда   тұрақтылық өсу факторынан тежегішке айналады. Ал бізге тек даму ғана емес, қарқынды өсім керек. Осындай үлкен әлеуетімен Қазақстан әлдеқашан әлемнің үздік елдерінің қатарында болуы керек еді. Және біз осыған қол жеткіземіз.

 

3. БІЛІМДІ ҰЛТ ЖӘНЕ ӘДІЛ ҚОҒАМ

Елдің басты байлығы – мұнай және темір емес, біздің дарынды да еңбекқор халық.

Адами капиталы білім, денсаулық пен әлеуметтік әділікпен өлшенеді.

 

- Білім беру жүйесіндегі эксперименттерді доғару керек! Мектептер мен жоғары оқу орындары деградацияға ұшырауда. Балалар мен мұғалімдерді мазақ еткенді тоқтату керек.

Бүгін оқушыдан өзінің портфелі үлкен, пайдасы жоқ жүктеме; балалардың қабілетін ашпайтын сауатсыз оқулықтар, ешкімге қажеті жоқ ұлттық тест, құрғақ жаттау, үш ауысымдық мектептер, мұғалімдерді сенбіліктерге қуып шығу; «жиындар» мен жалған «митингтерге» студенттерді шығару, екі айлық курстан кейін ағылшын тілінде оқыту профанациясы, мұғалімдердің лайықсыз еңбекақысы – осының барлығы жастарды аздырады және нағыз ұстаздардың абыройын түсіреді.

 

- Денсаулық сақтауда жеке медицинаны дамыту керек. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының жұмысын нақты адамдарға байланыстыру. Әрбір азаматқа, пациенттің өзінен емдеуге арналған ақшасы төлене алатын Қордағы дербес шотын бекіту. Егер емдеу сапасыз болса, азаматқа дөрекі жауап берсе, немесе оның жағдайына мұқият қарамаса – клиент мұндай қызметтерді төлеуден бас тартуға құқылы. Бұдан бөлек, Қордың өзі өзінің салымшыларының құқықтары үшін күресіп, керек болса - пациенттің мүддесі үшін емханалармен соттасып, қызметтердің сапасын бақылау тиіс.

Сол кезде персонал өзінің міндеттеріне мұқият болып, ал білікті дәрігер өзінің еңбегіне лайықты ақысын алады.

 

- Әлеуметтік қорғау – минималды зейнетақы, еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақы МРП-мен емес, тұтыну қоржынымен, сондай-ақ тамақтану, аяқ-киім, коммуналдық шығыстардың көлемімен есептелуі қажет.

МРП – бұл адамдарды алдауға арналған, жалған көрсеткіш. Оны жою керек.

 

Қазақстандықтар өмір сапасының өлшемі - даңғаза форумдар мен бас-аяғы жоқ, жалған бағдарламалармен емес, лайықты, бақытты және ауқатты тұрмыспен өлшену керек.

Біз осы өмірдің сапасын тек әділетсіздікті, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты жойып қана көтере аламыз.

Қазыналы Қазақстанда кедейлер мүлдем болмауы керек. Біздің елдегі әрбір адам заманауи баспанаға, лайықты жұмысқа ие болып, мемлекеттің құрметіне бөлену үшін, оған  Тәңірім керек ресурстары мен дарынды да берген. 

Біздің бай елде балаларды емдеу үшін ақша жинап, аналар түнде жұмыс істеп, балаларын қараусыз ашық оттың қасында қалдыруға мәжбур болу – шенеуніктердің әлеуметтік саясатына үлкен сын, масқара!

 

Халықтың зейнетақы қорына ұқыппен қарау, БЖЗҚ және Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету керек.

● БЖЗҚ жұмысшыларының шығыстары айрықша түрде Қор табысының есебінен қаржыландырылатынын және осы табыстан 30%-дан асырылмайтынын заңнамалық түрде бекіту. Осы мақсаттарда азаматтардың зейнетақы қорын пайдалануға тыйым салу.

● «Ақ жол» партиясы жеке зейнетақы қорларын қалпына келтіруді, немесе БЖЗҚ қаражаттарын азаматтардың дербес зейнетақы шоттарын сақтаумен Ұлттық қорға тапсыруды ұсынады.

Жеке зейнетақы қорларын тарату барысында зейнетақы қорының кепілі мемлекет болып жарияланды. Сол себептен, БЖЗҚ қаражаттарын Ұлттық қорға тапсыру зейнетақы қорының инвестициялық табысын ұлғайтады, БЖЗҚ қызметкерлерінің негізсіз жоғарғы үлкен әкімшілік шығыстарын қысқартады; ең бастысы – азаматтардың дербес зейнетақы шоттарын мұнай табыстарына тікелей байланыстырады.

 

4. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ҚЫСҚАРТУ

«Ақ жол» партиясы:

● шағын және орта бизнесті ынталандыру, әрбір адамға минималды пайыздармен несие алып өз ісін ашу мүмкіндігін беруді;

● ашылғанынан кейін алғашқы 5 жылда шағын және орта бизнесті салықтардан толықтай босатуды;

● біздің табиғи байлығымызды пайдаланатын шетелдік алпауыттарды тек қана қазақстандық жұмысшыларды жалдау және тауарларды сатып алуға, тек қана қазақстандық шағын және орта кәсіпорындардың қызметін пайдалануға міндеттеуді;

шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды еңбек нарығындағы жағдайға сәйкес келтіру, тиісті мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын енгізуді және осындай түлектерді шетелдік кәсіпорындарға міндетті орналастыру;

● шетелдік инвесторлардың қатысуымен компаниялардағы қазақстандық және шетелдік мамандардың еңбегінің тең төленуіне қол жеткізуді;

«өздігінен жұмыспен қамтылған» халықты салық мен төлемдерден босатуды төтенше маңызды деп есептейді. Бұл адамдарға мемлекеттің мойнында отырмай, өздері өз отбасыларын асырап отырғаны үшін «Рахмет» айту керек.

 

  5. ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ

● Еуропа тәжірибесімен, мемлекет және әкімдіктер әлеуметтік баспананы жаппай салуы және оны тек қана коммуналдық қызметтерін төлеуімен мұқтаж адамдарға өмірлік пайдалануына жалға беруі керек.

Германияда тұрғын үй қорының 60% муниципалитеттерге тиесілі және жалдамалы болып табылады, тіпті осы бай елде ешкім адамдарды пәтерлерін сатып алуға мәжбүрлемейді, аз қамтылған отбасыларды банктердің несиелік құлдығына итермейді.

Мұндай пәтерлер кіші габаритті және арзан болып табылады, бірақ олар миллиондаған адамдарға жетеді. Сондықтандакөп пәтерлі тұрғын үйлерді салуға мемлекет тапсырыс беруі керек. Ал бизнес және одан жоғарғы санаттағы үйлерді салуға жеке инвестициаларды жұмсауға болады.

  

6.  ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ

«Ақ жол» демократиялық партиясы, елдің алдында бүкіл қоғам және әрбір азаматтың мүдделерінде шешуді қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттері тұр деп есептейді.

Бұл орайда, жолды таңдау бір бағытта тұйықталмай, альтернативті нұсқаларына ие болғаны маңызды. Таңдаудың жоқтығы – еш жерге апармайтын жол, тарихи тығырық. Тек баламаларды салыстыру ғана шынайы үздік шешімдерін таңдауға мүмкіндік береді. Тек идеялардың жарысуы ғана жеке адамның үнін есту және пікірін бағалауға мүмкіндік береді.

Біз үшін тек көпшіліктің позициясы ғана емес, сол сияқты әрбір азаматтың да жеке пікірі маңызды.

Бұл тұрақты дамуды қамтамасыз етеді, атаққұмарлықтан және тоқмейілсушіліктен сақтандырады, тек ағымдағы міндеттерді шешіп қана қоймай, әлдеқайда амбициялық және өзекті мақсаттарын қоюға көмектеседі.

Қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті өркениетті пікірталасты қалыптастыру үшін пісіп жетілді.

Біздің мақсатымыз - барлық дұрыс ойлы азаматтарды біріктіру және демократиялық құрылымын нығайту үшін баламалы шешімдерін шығару.

Мемлекеттің сәтті дамуы үшін, оның басқаруға азаматтардың тікелей қатысуына жол ашуымыз керек.

 

Біз:

● биліктің өкілетті тармағын – Парламентті және маслихаттарды күшейту және келешекте мемлекеттің парламенттік жүйесін қалыптастыру;

● жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту бойынша қажетті шараларын қабылдау, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті проблемаларды шешу үшін тиісті қормен қамту;

● қалалар мен елді мекендердің, сонымен қоса республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауды енгізу;

● сайлауда «карусель» және жалған дауыс берудің жолын кесу, ол үшін тұлғаларды автоматтық тану жүйесін пайдаланумен барлық сайлау учаскелерінен дауыс беру барысын интернетте тікелей трансляциясын енгізу;

● кандидаттардың салық декларациясындағы 1 млн. теңгеге дейінгі ауытқулар анықталғанда, сайлау науқанынан шеттетпеу;

● сайлау барысы мен қортындыларын бұрмалау, жалған проткол жасау мен өтірік дауыс беруді ұйымдастыру - үшін қылмыстық жаза қарастыру. 

Биліктің көзі халықта. Сайлауда дауыс ұрлау – халықтың мәртебелі билікті анықтауға конституциялық құқығын аяққа таптаумен бірдей.

● кез келген мемлекеттік қызметкерден өздерінің отандастарына құрметпен қарауды талап етеміз.

Мемлекеттік органдар халыққа қызмет ететінін ұмытпасын!

 

Биліктің ашықсыздығының көрсеткіштерінің бірі - шенеуніктердің бюджетті  баса-көктеп, ұқыпсыз пайдалануы. Үкімет бюджеттің жыртығын бизнеске әкімшілік жүктемесін ұлғайтып, жасырын салық салу арқылы жамайды. Жаңа кәсіпорындардың аяққа тұруына және осылайша салық салынатын базаның кеңейтудың орнына, салықшылар мен соттар бизнесті әлсіретеді, оны көлеңкеге қашуға мәжбүрлейді.

Мемлекеттік органдар өздерінің ашылған аранын жабуға, мемлекеттік қаражаттарды орынсыз пайдаланудан бас тартпай отыр. Олар, бюджеттің – алмағы мен салмағының айырмашылығын түсінгісі келмейді.

«Ақ жол» партиясының ерекше ашуын үкіметпен Ұлттық қордан бюджеттегі жыртықты жамау үшін қаражаттарын тұрақты алуы туғызады. Қолдағы бар қаражатпен өмір сүру керек! Ұлттық қордың негізін қалаған Елбасы оны берекесіз шашу үшін емес, болашақ ұрпақ үшін құрған. Осыған байланысты, біз:

● Үкіметке Ұлттық қордан қаржылық жыл үшін қордың инвестициялық табысынан 30%-дан артық алуға тыйым салуды ұсынамыз. Жиналған қор ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалмайды. Ұлттық қордан қолыңды тартыныз!

● Мемлекеттік органдардың жұмысы бюджетті шашуменен, нақты нәтижелермен бағаланауы керек.

●Министрлер мен әкімдер қол қойған меморандумдарды, сонымен қатар осы міндеттердің парламенттің профильдік комитеттерімен бекіту тәжірибесін еңгізу. «Ақ жол» партиясының шенеуніктерді нақты нәтижелері бойынша бағалауды талап еткеніне қарамастан, олардын қандай міндет алғаны және қалай орындаганы белгісіз.

● Бюджетті пайдалану толықтай парламенттік көпшілікпен қалыптастырылатын үкіметтің қолында болғандықтан, дамыған демократия үлгісімен,  бюджеттің пайдаланылуын қатаң бақылау үшін, парламенттегі Бюджет және қаржы комитеті, жергілікті Бақылау комиссиялары мен Республиканың Есеп комитетін басқаруды парламенттік азшылық партияларына жүктеу қажет деп санаймыз. Әйтепесе, бюджетті игеру мен бақылау бір қолда қалып, мұндай бақылауға сенім азайяды.

 

7. ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ОФФШОРЛЫҚҚА КҮРЕСУ

Қоғамды алаңдататын және билікке наразылықты туғызатын негізгі проблемалардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімсіздігі, сот және құқық қорғау органдарына сенімсіздік болып табылады. 

Бұл проблеманы шешу үшін «Ақ жол» партиясы:

● әр қазақстандықтың меншігін және жеке бизнесін жемқорлар мен олардың сыбайластарынан қорғауды талап етеді;

● басшылардан, олардың қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауапкершілікті міндеттеу;

● азаматтардың билік өкілдерімен дауларының әділ және жария қарастырылуы;

әшкере болған жемқорлар үшін жүріп тұру, шетелге шығу және меншігін басқару құқығының заңнамалық шектелуі;

● соттың шынайы тәуелсіздігі, соттардың сондай-ақ олардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнетке шығуынан кейін жеке қауіпсіздігі мен жоғары әлеуметтік қорғалуы;

● барлық ашық сот отырыстарын Интернет бойынша трансляциялау;

● сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеу жағдайында бопсалаушылық құрбанын жауапкершіліктен босату.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің маңызды құралы билік іс-әрекетінің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есеп беруге міндеттілігі болып табылады. Баспасөздың аузына құлып салуға болмайды, «Ақ жол» партиясы журналистердің әшкерелеп беретін басылымдары үшін қудалануынан қорғалуын, әрбір мемлекеттік қызметкерінің соттық тәртіпте БАҚ-да кері басылымдардың пайда болуы жағдайында өзінің абыройы мен қадір-қасиетін қорғауын қолдайды;

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты сондай-ақ оффшорлық аймақтар мен шетелдік банктерден, қара ниетті жемқорлар мен алаяқтардын халықтан ұрлаған миллиардық қаражаттарын Қазақстанға қайтаруды талап етеміз.

Ағынға қойылған сыбайлас жемқорлық мемлекеттің мүмкіндігін төмендетеді, адал бизнесті талқандайды және ынтасыздандырады. Қазақстаннан шығарылған қаражаттар миллиардтаған долларға жетіп отыр. Ал елдегі кейбір азаматтар жұмыс таба алмай жүр, өйткені бұл миллиардтар Қазақстанға салынбайды. «Ақ жол» партиясы қазақстандық шенеуніктердің, ұлттық компания басшыларының және олармен бірге үлестес тұлғалардың шетелдік банктердегі шоттары туралы ақпараттың ашылуын, олардың салық декларацияларымен салыстырылуын, шығу көзін иелері түсіндіре алмайтын немесе түсіндіруді қаламайтын ақшаның анықталуын және қайтарылуын талап етеді.

Бұл талап заң аясында жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың капиталының еркін қозғалуына қатысы жоқ.

***

Құрметті отандастар!

Біз, еліміздің және халқымыздың алдында үлкен болашақтың күтіп тұрғанына сенімді болғандықтан сайлауға барамыз.

Біз, ұлттық дәстүрлер мен демократиялық құндылықтарды біріктіру үшін сайлауға барамыз.

Өмірді дәл осында, дәл қазір өзгертпей, жақсарта алмаймыз.

Біз осындай өзгерістердің уақыты келді деп сенімдіміз.

 

Ақ жол Қазақстан!