08
Қазан

«Ақ жол» партиясы Батыс Қазақстан филиалының белсенділері Балалар ауылы түлектерімен кездесу өткізді

8 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділері Саягүл Ғайсина мен Светлана Мурзина отбасы балалар үйі үлгісіндегі Балалар ауылы түлектерімен кездесу өткізді.

Өмірдің қиыншылықтарына қарамастан, бұл қыздар көптеген құрдастарына үлгі, олар өз өмірлерінде жетістіктерге жетуде.

Олар «Егер сіз бірдеңе жасай бастасаңыз және бірінші сәтсіздікке ұшырсаңыз, екінші, үшінші сәтсіздіктерде сіздің бас тартуыңыз үшін себеп емес. Егер Сіз дұрыс жолда екеніңізді білсеңіз, қол жеткізгіңіз келетін нәрсені түсінсеңіз уақытша қиындықтарға  назар аудармаңыз», - дейді.

Саягүл 24 жаста, 11-сыныпты бітіргеннен кейін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық колледжге оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен бітірді. Колледжден кейін ол Батыс Қазақстан унивесрситетіне оқу грантына түсті және қазір университеттің 4 курсында оқиды.

Сонымен бірге Саягүл 40 жылдық тарихы бар «Ақ жайық» би ансамблінде өнер көрсетеді.

Саягүл өзінің жетістіктері үшін ең алдымен «Балалар ауылы» тәрбиешілеріне және, әрине өзінің табандылығы мен еңбекқорлығына қарызбын  деп санайды. Болашақта ол мектепте музыка үйретуді жоспарлап отыр.

Светлана Мурзина - балалар үйінің 2018 жылдың түлегі, мектептен кейін Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне түскенін және қазіргі уақытта «Орман ресурстары және шаруашылығы» мамандығы бойынша 3-курста оқып жатқанын айтты.

Светланаға мамандығы өте ұнайды, өйткені көгалдандыру, оның пікірінше, еліміздің әрбір тұрғыны үшін өте маңызды деп санайды.

«Мен әрі қарай дамып, білім алғым келеді» - дейді Светлана Мурзина.

 Қыздар оларға қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Филиал төрағасының орынбасары Рада Хайрушева қонақтарға алғысын білдіріп, оларға жаңа жеңістер мен табыстар тіледі.