«Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

» Аймақ - жаңалықтары » Қызылорда облысы » «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

21.07.2020, 15:31

21 шілде 2020жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы

 «Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Кеңес мүшелері тарапынан елімізде болып жатқан ахуалға байланысты қайырымдылық іс-шаралары атқарылды.

Филиалдың облыстық Кеңесінің мүшесі, Қызылорда облыстық  Қоғамдық Кеңесінің  мүшесі,  «Қызылорда еріктілер клубының» белсендісі, «Қызылорда облысы бойынша арнайы  мониторингтік  топ» мүшесі, «Мансап» мектебінің атқарушы директоры София Абдуразакова қызылордалық еріктілерімен және қаладағы белсенділермен бірге індет басында жүрген аурухана дәрігерлері мен қызметкерлеріне арналған әлеуметтік көмектер мен емделушілерге арналған мыңнан аса оттегі баллондарын дайындап, ауруханаларға жеткізуде. Сонымен бірге, Қызылорда облысы бойынша арнайы маниторингтік  топпен  бірге облыс аумағы мен қаладағы дәріханалардың және емханалардың дәрілік қоры мен олардың бағасына тексеру жүргізді. Дәрі-дәрмек тапшылығына тап болған тұрғындарға белсенділермен бірге әлеуметтік желі арқылы арнайы парақшалар ашып,  қол ұшын созуда.

Партияның облыстық Кеңесінің белсенді мүшесі, облысқа белгілі кәсіпкер, «K-Group LTD» ЖШС басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев қаладағы короновируспен күреске жұмылдырылған карантиндік режимдегі аурухана дәрігерлерін қонақ үйіне орналастырды. Індетпен күресіп жатқан дәрігерлер мен орта және кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. 3 мезгіл ыстық тамақпен, жатын орынмен, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Олардың тынығып, жақсы демалуларына толық жағдай жасап отыр.

Сонымен қатар, партия филиалының басқа да мүшелері тұрғындарға қолдарынан келгенше қайырымдылық көмектерін беруде. «Оң қолың бергенді сол қолың білмесін»-деген қағиданы ұстанған олар халықтың басына түскен ауыртпалықты пайдаланып өз аттарын шығаруға қарсылықтарын білдіріп, жасаған қайырымды істері мен аты-жөндерін атамауды өтінді.