15
Қыркүйек

«Ананың ақ сүті» атты қойылым әлеуметтік желіде тікелей эфирде сахналанды

15 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

         «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жаныдағы «Ақжол-жастар» жастар қанатының әуесқой әртістері драматург, ұстаз Өтен Ахметтің «Ананың ақ сүті» атты қойылымын әлеуметтік желіде тікелей эфирде сахналады.

         Қоғамның өзекті мәселесін қозғайтын бұл драманың басты мақсаты – ананың ақ сүтін ақтауға және  қазақ жастарының жат ағым жетегінде кетіп қалмаулары үшін мәселенің алдын-алу, және адами қасиеттерді дәріптеп, жақсыға шақырып, жамандықтан тыю. 

         Қойылымда  жат ағым жетегінде кетпеудің дара жолы – отбасы мен дәстүрлі діннен, адамгершілік қасиеттерден қол үзбеу керектігі және діни сауатсыздықтың  құрбаны болған қазақ жастарының тағдыры мен бір ғана отбасындағы жағдай арқылы қоғамдағы трагедия көрсетілді.

         Бұл спектаклде діни сауатсыздың құрбаны болған жас жігіттің мүгедек анасынын бас тартып, қарттар үйіне тапсырып жіберуі және психикалық ауытқуы бар, бейшара хəлге түскен ананың баласына деген сағынышы, ананың адал сүтін емген баланың анаға деген құрметі мен өмірдің күйбең тірлігнен шаршаған және ауру енеге төзбеген шыдамсыз келіннің қателігі, хақ жолында жүрген мейірімді достың әрекеті  көрініс тапты.  

         Осы спектакль арқылы жастар, барлық адам баласы ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, Ана деген қасиетті тұлғаны бақытты ету керек екенін насихаттады.