15
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Ақжайық және Алғабас ауданының тұрғындарымен кездесті

15 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін Батыс Қазақстан Облыстық мәслихатына кандидаттар мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Бадашевтің сенімді өкілдері Ақжайық ауданының және Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесті.

Үгіт-насихаттық кездесу барысында сайлаушыларға «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды сөз етті. Олар сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген бизнесті қорғау, нарықтық реформалар мен табысты экономика құру, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, жұмыспен қамту жүйесі және жұмыссыздықты азайту мәселелерін шешудегі жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу соңында партияның облыстық cайлауалды штабтарының мүшелері жұртшылық өкілдерін сайлауға қатысуға шақырды.