Қазақ Республикасының 100 жылдығы аясында “Ақжолдықтар” 100 түп қарағай ағашын отырғызды.

» Аймақ - жаңалықтары » Павлодар облысы » Қазақ Республикасының 100 жылдығы аясында "Ақжолдықтар" 100 түп қарағай ағашын отырғызды.

30.10.2020, 19:37

30 қазан 2020 жыл, “Ақ жол” партиясының Павлодар облыстық филиалы

“Ақ жол” партиясының Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мойылды ауылына 100 түп қарағай ағашы отырғызылды.

Көгалдандыруға қажетті 100 түп көшетті “Подари Земле сад” ҚҚ төрағасы Юрий Гашек ұсынды. Ол өзі өсіретін көшеттерін ағаш отырғызу акцияларына тегін береді.

Ауылдың 3 гектар аумағында пайда болған ағаштарды “Алаштың Ақ жолы” аллеясы деп атаймыз. Мақсатымыз Қазақ Республикасының қалыптасу жолында еңбек еткен Алаш қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру, – деді “Ақ жол” партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Фуат Сатыбаев.

Көгалдандыру, ағаш отырғызу, абаттандыру өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырады. Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасады деп жоспарлануда.