Азат Перуашев Алматыда партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстады

» Аймақ - жаңалықтары » Алматы қаласы » Азат Перуашев Алматыда партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстады

14.08.2020, 10:53

14 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы

Партияның Алматы қалалық филиалында партия төрағасы Азат Перуашевтің қатысуымен «Ақ жол» партиясы мүшелерінің қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты шарасы өтті.

А.Перуашев партия билеттерін табыстай отырып: «Партияның басты міндеті – нақты іс-қимыл арқылы қазіргі әлеуметтік, саяси және экономикалық проблемаларды сындарлы шешуге, қарапайым қазақстандықтардың өмірін жақсартуға үлес қосу. Жастар ұлт дамуының және мемлекетіміздің болашағының басты тетігі. «Ақ жол» Демократиялық партиясының саясаты патриот жастарды жұмысқа тартуға бағытталған», – деп атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында «Health Care Lab» ЖШС-нің тең құрылтайшысы Алмат Мендебаев, «Datex Engineering» ЖШС Бас директоры Талғат Молдазимов, «Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ директоры Ербол Омарханов, Алматы технологиялық университетінің Жастар саясаты бөлімінің бастығы Бағлан Қасым, «MT Group Alliance» ЖШС директоры Фарида Ибрагимова, «Almaty Management University» студенті Рустам Сәрсенбаев партия қатарына енді.

Партияның жастар қанатының атынан «Ақ жол» жастар кеңесінің төрағасы Бағлан Қасым сөз алып, партия басшысына «Ақ жол» сияқты үлкен де тату команда құрамына мүшелікке қабылданғаны үшін алғысын білдіріп, бұл кезең жарқын болашаққа жасалған үлкен қадам екенін атап өтті.