11
Қыркүйек

Азат Перуашев: Аңқаулық - ұрлыққа желеу

6 қыркүйекте «Өзгерістер қажет» сұхбатымда айтылған Қазақстанның сыртқы берешегі туралы менің пікірлеріме қатысты және Ұлттық экономика министрлігінің түсініктемелеріне сәйкес әлеуметтік желіде қызу жүрген пікірталастарға байланысты кейбір тезистерге жауап бергенді жөн санаймын.

Ұлттық экономика министрлігі жалпы сыртқы қарыз сомасын мемлекеттің қарызы мемлекеттік квази сектор берешегі және жеке сектордың сыртқы берешегі деп бөлу қажеттігін айтады. Сыртқы қарыздардың талдауын жасап келген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі фирмалар арасындағы сыртқы қарызды (жеке кәсіпорындардың сыртқы қарызын) «алып тастау» керектігін айтып: «Сыртқы қарыз – ел тұрғындарына артылатын жүк емес»- деп мәлімдеді.

Иә, сыртқы қарыз методологиялық тұрғыда аталған түрлерге бөлінеді, оны түсінуге болады. Мен өзімнің сұхбатымда «квазисектор мемлекеттен гөрі шетелден екі есе көп қарыз артық алғанын» атап көрсеткен болатынмын.
Бірақ берешектерді осылай бөлу тек теориялық тұрғыда ғана.

Ал, нақты іске келгенде сыртқы берешектерді бұлай қатаң түрде бөлуге болмайды. Өйткені, барлық сыртқы қарыз түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты және бірі-біріне тәуелді. Әлбетте, қарыздар елдің экономикасына ықпал етеді.
Халықаралық инвесторлар Талдықорған қаласындағы қайдағы бір шұжық цехының немесе Орал қаласындағы тігін шеберханасының бағалы қағаздарын сатып алады деп ойлайсыз ба?
Әрине жоқ, жалпы бағалы қағаздар бойынша сыртқы қарыздар нарығына отандық жеке бизнес эмитентенттері ішінде не өндіруші компаниялар, не банктер және ірі қаржы ұйымдар ғана тіркеледі. Осылар қазіргі жеке кәсіпорындардың сыртқы қарызының барлық 100 пайызын болмаса да 99 пайызын құрайды.

Енді осы кәсіпорындардың кіріс көздеріне мұқият қарасақ, олар Қазақстанның мұнай-газ мен кен өндіруші кәсіпорындар не Ұлттық банк ноталары бойынша несиелік төлемдер мен екінші деңгейлі банктердің депозитіндегі қаражаттар.

Дәл осы активтер тартымды саналады, жеке компаниялардың сыртқы қарызын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Шикізат қорлары туралы еліміздің заңына сәйкес жер қойнауы мемлекетке тиісті, ал мемлекеттік биліктің бастауы - Қазақстан халқы болып табылады. Жеке сектордың шетелдік несиелерін қамтатамсыз ету көзі - Қазақстан халқына тиісті активтер, ол активтер әрбір азаматқа тиісті, оның ішінде қариялар мен әлі өмірге келіп үлгермеген ұрпақтың да игілігінде болуы керек.

Енді екінші деңгейлі банктерінің сыртқы қарыздары туралы айтсақ. Банктің несие төлеушілері, депозиттердің салымшылары болып отандық кәсіпкерлер (оның ішінде шағын және орта бизнес) пен ҚР азаматтары (ипотека алғандар, тұтыну несеиелерін алушылар және тағы басқа да несие алушылар); Ұлттық банк ноталары бойынша ЕДБ кірісінің көзі – мемлекет; банктердің кірісі кәсіпорындар мен азаматтардың валюталық операцияларынан түседі, әсіресе, ақшаның құбылмалалығы кезінде де банктер пайда табады.
Сонымен бұл жерде де жеке банктердің қарызын қайтарушылары - елдің ұлттық экономикасы және барлық азаматтары.
БТА - банк банкротқа ұшыраған кезде, оның сыртқы несие берушілер алдындағы берешек қарызын мемлекет жапқанын еске салғым келеді.

Сол кезде Қазақстанның тәуелсіз рейтингін сақтау үшін жасалды. Өйткені жеке қарыз алушыдан алған қарыздық міндеттің орындалмауы ретингтің төмендеуіне және елдің қалған несие алушылары үшін несие құнының шұғыл өсуіне (елдердің тәуекеліне қарай) соқтыратын еді.

Тағы да айтамын, сол кезде несие пайыздарының өсуі еліміздің және ел азаматтардың мойнына ілінетін еді.

Халықаралық қаржы нарығының ірі ойыншылары өздерінің қатынас тәртібін секторларға ғана емес, сонымен бірге, жалпы елдермен қарым - қатынастарды көздейді Әрбір сектор бойынша қарыздың құны елдің жағдайына байланысты.

Сыртқы қарыздарды теориялық тұрғыда «бөлу» өзін-өзі алдау мен қарыз шұңқырына өз еркімен батуға құрылған.
Иә, «паспорты» бойынша олар әртүрлі құжаттар, бірақ белгілі анекдоттағыдай паспортына емес, тұмсығынан соғады емес пе. Біздің жағдайда әрбір қазақстандық қалтасынан соғатыны анық.

Сондықтан да, құрметті достар, «бізде бәрі керемет, сүйкімді маркиза» деп жатса, қызыл сөзге алданып, сандардың сиқырына сеніп қалмаңыз.
Өз ақшаңызды санап жүріңіз.