Азат Перуашев Алматы облыстық ауруханасының ұжымымен кездесті

» Аймақ - жаңалықтары » Алматы облысы » Азат Перуашев Алматы облыстық ауруханасының ұжымымен кездесті

30.01.2021, 10:33

https://t.me/peruash/1259

Бүгін Талдықорғанда “Ақ жол” демпартиямыздың филиалы және де облыстық аурухананың ұжымымен кездесіп, жағдайымен танысып шықтық. Індеттің сабақтарын талқылап, аурухананың қараша айындағы ұсынысы бойынша, біраз дәрігер мен медбикелерді партиямыздан “COVID-19-бен жанқиярлық күрес үшін” төсбелгіні тапсырдық.


Солардың арасында коронавирустан қайтыс болған Абай Сахариев атты дәрігердің отбасына да медаль тапсырдық . Дәрігердің жесірі алғашында медальді қолына алғанымен, сосын қаза тапқан әкесінің марапатын Жайдар ұлына тағуды өтінді. Бізге алғыс айтқысы келді, бірақ тым қатты толқығандықтан ешнәрсе айта алмады. Жұбайының әріптестері де көз жасына ие бола алмай, жылап тұрды.
Кездесу өте
толқытатын және ыстық жағдайда өтті. Барлық дәрігерлер өз еңбектерінің бағаланғанына, жанқиярлық ерліктерінің еленгеніне алғыс айтуда.