06
Мамыр

Азат Перуашев: Бұл ақша бізге емес, болашақ ұрпаққа тиесілі

6 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Азат Перуашев Ұлттық қор қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі парламенттік топ құруды ұсынды. Ол бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджетке нақтылауларды талқылау барысында мәлімдеді.

Үкімет ұсынып отырған бюджетті ұлғайту көздерінің бірі Ұлттық қордан 850 млрд теңгеге трансферттердің өсуі болып табылады.

«Біз қазіргі жағдайда бұл қажетті шара екенін түсінеміз. Бірақ ол Үкіметтен бұл қаражатқа өте мұқият болуды талап етеді.

Бұл ақша бізге емес, болашақ ұрпаққа тиесілі», - деді А.Перуашев.

«Ақ жол» көшбасшысы аталған қаражатты пайдалану кезінде тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі барлық фракциялардың қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін парламенттік жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Бұл ұсыныс өткен кезеңде экономиканы және халықты қолдау шараларын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құрылыстың жоғары құнынан бастап, мектеп ноутбуктерін тікелей ұрлауға дейінгі  көптеген дабылдарға байланысты біздің алаңдаушылығымыздан туындады.

Осы қаражатты жұмсау нәтижесі бойынша парламенттік тыңдаулар өткізу қажет деп санаймыз», - деп толықтырды Азат Перуашев.