30
Наурыз

Игі істер жасалуда

30 наурыз 2021 жыл, "Ақ жол" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында - «Игі істер» күніне орай, сурет салу сайысына қатысқан балалармен «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Курчатов қаласының маслихат депутаты Д.Қ.Жакипова осы қаланың жастары арасында игі істер жасауда өз үлесін қосқан, «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері А. Мусатаевамен кездесу ұйымдастырып, балаларға қуаныш сыйлау, жағымды және көңілді атмосфера құру мақсатымен жеңімпаз атанған балаларға сыйлықтар табыс етті.


Болашақ ұрпаққа айналаңа риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау еріктілердің жүрек қалауымен орындалатындығы жайында айтылып өтті.