13
Наурыз

“Ақ жол” партиясының депутаты Жарма ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді

13 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

“Ақ жол” демократиялық партиясынан сайланған Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының депутаты Қарақанов Марат Жарма ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, халықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге ауданның белсенді азаматтары, кәсіпкерлер, зейнеткерлер және жастар қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік жағдай, инфрақұрылымның дамуы, жолдардың жағдайы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар, тұрғындардың көтерген мәселелері ішінде ауыз су, ауылдық жерлердегі жұмыссыздық және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігі секілді сұрақтар да ерекше назарға алынды.

Депутат сайлаушылармен жеке қабылдау өткізіп, олардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады. Халықтың көтерген мәселелері тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіліп, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар жасалатыны айтылды.