13
Наурыз

Руслан Мырқалықов инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі комиссия отырысына қатысты

13 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайлаған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов мәслихаттағы инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына қатысты.

Күн тәртібінде «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» мәселе қаралды. Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізімін айтып өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша меншік иелері шарттарының жобаларын мақұлдау үшін алдағы сессияға қарауға жолданды.