ҚР
Премьер-министрі
О.А. Бектеновке
«Ақ жол»
демпартиясына құрылыс саласындағы кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтардан ҚР
Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті жасанды түрде
шектеуге бағытталған тәсілдерімен келіспейтінін білдіретін өтініштер келіп
түсуде.
Мәселе тізілімдерді
қалыптастыру және жүргізу Қағидаларына, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру Қағидаларына дайындалып жатқан алдағы өзгерістер туралы болып
отыр, оған сәйкес Қаржы министрлігі қатысушылардың біліктілігін бағалаудан жеке
жобалар мен МЖС аясында жинақталған барлық тәжірибені, яғни, бюджетке қатысы
жоқ нәрселерді алып тастауды ұсынып отыр.
«Ақ жол» фракциясы
мұндай ұсыныстарды негізсіз және құрылыс саласының заңды мүдделеріне, жалпы
кәсіпкерлік райына нұқсан келтіреді деп есептейтін әріптестерінің уәждерімен
келісуге мәжбүр.
Біріншіден, бұл
тәсіл Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылып,
ТЕҢ қорғалады деп тікелей көрсетілген ҚР Конституциясының 6-бабына қайшы келеді.
Сондықтан, жеке
жобаларды жүзеге асыруда жинақталған тәжірибені компаниялардың біліктілігінен
алып тастау Конституцияға тікелей қайшы келеді.
Екіншіден, мұндай
талап адал жұмыс істеп, инвестиция салып, мемлекеттік емес мектеп, жеке емхана,
балабақша, т.б. салып жатқан компанияларды дискриминациялауға жағдай жасайды.
Нарық қатысушылары
бұл шешімді мемлекеттік тендерлерден жоғары сапа және төмен баға арқылы
өздерінің жақын мердігерлері үшін қажетсіз бәсекелестік тудыратын «ыңғайсыз»
мердігерлерді сүзгілеу құралы ретінде қарастырады.
Олар негізді түрде
мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін осы екі критерий: баға мен сапа негізгі
болуы керек деп санайды.
Құрылысшылар
қауымдастығының мәліметінше, егер ұсынылған талаптар енгізілсе, инжинирингтік
компаниялардың 60%-ға дейіні және құрылыс-монтаждау ұйымдарының 80%-ға дейіні
мемлекеттік сатып алу нарығынан «тазаланады».
Бұл өзгерістерді
әзірлеушілер өз бастамаларын сатып алудың тазалығын қамтамасыз ету және
құжаттарды бұрмалау арқылы өздерінің тәжірибесі бар екендігін көрсететін
фальсификаторларды жою деп негіздеп отыр.
Алайда цифрландыру
заманында мемлекеттік органдардың көк мөр басылған қағазға иланып жұмыс
істейтінін естіген біртүрлі ыңғайсыз.
Мыжылған мандаты
бар комиссарлардың дәуірі 100 жыл бұрын аяқталған.
Кеше ғана Мемлекет
басшысы тауардың шыққан елін анықтау мәселелері туралы заңға қол қойды, мұнда
СТ-KЗ сертификаттарының орнына технологиялық операцияларды меңгерудің тиісті
рәсімдері бар электрондық OTП тізілімі енгізіліп жатыр және т.б.
Неліктен Қаржы
министрлігі «халтурщиктерді» анықтап, жолын кескеннің орнына, мемлекеттік
органдармен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ барлық нарық субъектілерін олардың
қатарына қосады?
Президент шағын
бизнестен ортаға, ортадан іріге дейін бизнесті құру және дамытудың жүйелі
міндетін қойып отыр.
Мемлекеттік сатып
алу түріндегі нарықтың орасан, іргелі дерлік бөлігінен әдейі және ешқандай
кінәсіз айырылып жатса, онда жаңа компаниялар қайдан пайда болады, олар қалай
дамиды?
Иә,
кәсіпорындардың адалдығын растау уәкілетті орган мен сатып алуды
ұйымдастырушылардан белгілі бір күш пен біліктілікті талап етеді.
Бірақ ұсынылған
шешім олардың кәсіпқойлығының жоқтығын, не нақты біліктілік талаптарын
әзірлеуде өздерін «артық жұмыс істеуден» сақтауды, болмаса саладағы
бәсекелестікті азайту үшін осы сылтауды қолдануға ұмтылуды білдіреді.
Осы орайда, мемлекеттік органдарда бизнес субъектілерінің адалдығын объективті тексерудің әртүрлі құралдары бұрыннан бар:
Конституцияға
қайшы түрде олардың құқықтарын дискриминациялаудың орнына, осының барлығын
қолдануға болады.
Сондықтан да,
Парламентте мемлекеттік органдардың түрлі ақпараттық жүйелерін үйлестіру
мәселесі тұрақты көтеріліп келеді, ал, Цифрлық даму министрлігі eGov және
Qaztech платформалары түрінде мұндай шешімдердің қолжетімділігін мәлімдейді.
Оның үстіне
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қаржы министрлігіне бұл түзетулер
бәсекелестікке нұқсан келтіреді деген ресми қорытынды беріп үлгерді. Дегенмен,
министрлік өз бағытын ұстануды жалғастыруда.
«Ақ жол» фракциясы
бұл тәсілді конституцияға қайшы ғана емес, нарықтық экономиканың негізгі
шарттарына нұқсан келтіреді деп санайды. Бұл бизнеске, адал бәсекеге, іскерлік
және инвестициялық ахуалға қарсы соққы.
Жоғарыда
айтылғандарға байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы келесі
ақпаратты беруді сұрайды:
"Ақ жол"
демократиялық партиясының фракциясы жоғарыда аталған тізілімдер мен мемлекеттік
сатып алулар Қағидалары жобасынан қатысушылар біліктілігін бағалаудан жеке
жобалар мен МЖС аясындағы тәжірибені алып тастау туралы норманы кері қайтаруды
сұрайды.
Сондай-ақ, аталған
норма қабылданған жағдайда, «Ақ жол» демпартиясы оның Республика
Конституциясының 6-бабына сәйкес келмеуі туралы Конституциялық сотқа жүгінуге
мәжбүр болатынын хабарлаймыз.
Сондай-ақ, аталған
норма бұйрықта қабылданған жағдайда, «Ақ жол» демпартиясы оның Республика
Конституциясының 6-бабына сәйкес келмеуі туралы Конституциялық сотқа
шағымданатынын хабарлаймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
А. Перуашев
Д. Еспаева
Е. Барлыбаев
Қ. Иса
С. Ерубаев
Е. Бейсенбаев