Көне басылымдар қайта шығарылмақ

» Аймақ - жаңалықтары » Алматы қаласы » Көне басылымдар қайта шығарылмақ

22.10.2020, 14:44

22 қазан 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының кеңсесіне әуесқой тарихшы Сайлаубек Беласар деген азамат келді. Оның мамандығы құрылысшы, бірақ тарихқа қызығушылығы Алаш ардақтыларының еңбектерін оқу арқылы пайда болған.  

– Қазақстанның тарихы, әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген бірқатар көне басылымдар қолыма тиді. Олар, «Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Материальное право. – Омск, 1886», «Западный Туркестан со времен завоевания арабами до монгольского владычества. Историко-географический очерк. – СПб, 1903.» «Война мусульман против китайцев. Вып.2. – Казань, 1881.», «История Туркестана – Ташкент, 1911.», «Мусульманский мир – Петроград, 1917», «Скотоводство Туркестанской области – Оренбург, 1895.», «Исторический обзор Туркестана и наступательного движения в него Русских – СПб, 1890», «Военно-политическое состояние Туркестанского фронта – Ташкент, 1921.», «Франсуа Бернье. История последних политических переворотов в государстве Великого могола – М.-Л.., 1936».

Бұл басылымдар кітапханаларда сирек кездеседі. Осы еңбектерді қайта басып шығару үшін тарихпен айналысатын ғылыми мекемелерге, белді тарихшы ғалымдарға арнайы хатта дайындадым. Мақсатым осы еңбектерді ғылыми айналымға қосу, – деді Беласар Сайлаубек. 

«Ақ жол» партиясы саяси-экономикалық мәселелерді шешумен қатар қоғамдағы рухани құндылықтардың қалыптасуына да көп мән береді.

Оның ішінде ХХ ғасыр басында қызмет еткен Алаш қайраткерлерінің идеясы мен ұстанымдарын басшылыққа алып отырып, ұлт зиялыларының еңбектері насихаттау жолында еңбек етіп келе жатқанын тілге тиек етіп, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Қуандық Мұхамбетғалиұлы, тарихқа деген қызығушылығымен қатар үлкен жауапкершілікпен жанашыр болған Беласар Сайлаубекке ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ,  Қуандық Мұхамбетғалиұлы, – әуесқой тарихшының қолындағы көне басылымдардың бірқатарын қайта басуға және парсы, көне шағатай тіліндегі кітаптарды аудартуға «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалы қолдау көрсететінін жеткізді.