16 мамыр 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Жуырда Шар қаласы әкім аппаратының мәжіліс залында Шар қаласы аумағына
қарасты елді мекендердегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде жұмыс тобының
комиссиялық отырысы өткізілді.
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті билік өкілдері мен
қоғам белсенділері қатысып, құқық бұзушылықтың негізгі себептері мен оларды
болдырмау жолдары талқыланды.
Отырысқа Жарма аудандық мәслихатының депутаты, “Ақ жол” демократиялық
партиясының мүшесі Қарақанов Марат арнайы қатысып, қоғамдық тәртіп пен
тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі партияның ұстанымдары мен
ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын барысында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттандыру
жұмыстары жүргізілетіні, тұрғындармен түсіндіру кездесулері мен профилактикалық
шаралар ұйымдастырылатыны айтылды. Бұл шаралар – қоғамдағы тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам.