04
Қантар

178 мың ХАЛЫҚ ТҰРАТЫН АУМАҚТА АУРУХАНА ЖОҚ

4 қантар 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Қазыбек  Иса Тельман елді мекенінде  орналасқан № 51 орта мектебіне барды. Мұнда ол ауыл билері, мектеп ұжымы  мен елді мекен  тұрғындарымен кездесті.


Жиынға «Ақ жол» демпартиясынан сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Исламбек Төлебаев, Ноян Төлегенов пен Мұхтар Шымыров, қалалық мәслихаттың VII-шақырылымындағы депутаттар Жамалбек Жораев пен Назипа Мамықова, Шардара аудандық мәслихаты VII шақырылымы депутаты Пернеқыз Смаелова және қалалық партия  филиалы қызметкерлері  қатысты. Жиында ауыл билері № 51 орта мектебіне  осы ауылдан шыққан Кеңес Одағы Батыры  Ережепбай Молдабаевтың атын беру қажеттігі  туралы мәселені көтерді. Сонымен қатар мектеп ғимараты ескі болғандықтан, оқушылар саны аз, өйткені олар заманауи мектептерде білім алғысы келетіндіктен, мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігі туралы айтты. Сонымен қатар, 178 мың тұратын  елді мекенде  балалар жаттығатын спорттық алаң  мен аурухананың  жоқтығына  назарын аударып, билікке жеткізуды ұсынды. Қ.Иса аталған мәселелер жергілікті деңгейде шешілетін болғандықтан, депутат Мұхтар Шымыровқа тапсырма берді.  Жиынға тіл қайраткері Қабыл Дүйсенбі қатысып, құжаттарда қашан -ұлы,  -қызы деген  енгізіледі және -ова,- вичті- қашан алып тастайды деген мәселені көтерді. Кездесуде Шымкент қалалық мәслихатының депутаты  Мұхтар Шымыров белсенді депутаттық қызметі үшін  «Алаш» төсбелгісімен марапатталды.