Бүгін “Ақ жол” еріктілері Бейнеу
ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға партияның сайлауалды
бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратты.
Еріктілер аудандығы сауда
орындарын, қоғамдық көліктерді аралап, ақпараттық парақшалар үлестірді. Сондай-ақ, арнайы белгіленген орындарға
үгіт-насихат материалдарын орналастырды.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын,
алдағы 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және “Ақ жол”
партиясына дауыс беруге шақырды.
Бейнеу ауданында партияның саяси
бағдарламасы бойынша ақпараттық үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да
жалғасын табады.
.jpeg)
.jpeg)