6 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Қарауыл ауылында өтетін ауқымды мерекелік шараларға — түрлі танымдық
сайыстар, мәдени жарыстар мен концерттерге — 500-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Осы
белсенді жастардың қатарында «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық
филиалының жастар кеңесінің мүшелері де бар.
Бүгінгі күні Жидебайда өткен танымдық экскурсия — ұлы ойшылдың өмірі мен
мұрасын тереңірек тануға бағытталған игі бастамалардың бірі болды. Еріктілер
шараның ұйымдастырылуына үлес қосып, келген қонақтарға бағыт-бағдар көрсетуде
белсенділік танытты.