07
Тамыз

«Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының жастары сән көрсетілімінде

7 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар аясында Семей қаласында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «ABAI RUKHY FASHION WEEK» сән көрсетілімі өз мәресіне жетті.

Үшінші күн – «Мұра – болашаққа жол» тақырыбында өтті. Бұл күні жас дизайнерлер экологиялық әрі инновациялық материалдардан әзірлеген заманауи киім топтамаларын көпшілік назарына ұсынды.

Аталмыш сән көрсетілімін «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының жастар кеңесі мүшелері де арнайы барып тамашалап, ұлттық мұраның жаңа заманмен үндестігін көру мүмкіндігіне ие болды.