9 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени-спорттық
іс-шаралар аясында тоғызқұмалақтан республикалық турнир басталды.
Бұл жарысқа еліміздің әр өңірінен келген спортшылар қатысып, қазақтың
ұлттық зияткерлік ойынын насихаттауға үлес қосуда.
Аталған турнирде «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің мүшесі Төлеуғазина Алинұр да бақ сынап, өзінің шеберлігі мен
білімін көрсете отырып, жеңіс жолында өнер көрсетіп жатыр.
Тоғызқұмалақ – тек логикалық ойлауды дамытатын ғана емес, сонымен қатар ұлт
тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын ойын. Сондықтан да, мұндай
жарыстар ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше маңызға ие.