Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысындағы жұмыс кездесулерін жалғастырды. Кезекті кездесу Қарасай ауданындағы «ANSAR FOODS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтті.
Жұмыс сапарлары барысында қалыптасқан ізгі дәстүр бұл жолы да жалғасын тауып, кәсіпорын ұжымы Дания Еспаеваға гүл шоғын тарту етті.
Одан кейін штаб мүшелері кәсіпорынның қызметімен танысты. «ANSAR FOODS» ЖШС макарон өнімдерін өндіруге маманданған. Кәсіпорын өңдеу өнеркәсібінің дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Өндіріс барысымен танысқаннан кейін еңбек ұжымымен кездесу өтіп, штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырды. Әсіресе, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әңгіме барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру бағытындағы шаралар талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстарын ортаға салып, еңбек жағдайлары, өндіріс секторына көрсетілетін мемлекеттік қолдау және отандық кәсіпорындарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Көтерілген әрбір мәселе бойынша штаб мүшелері жан-жақты түсіндірме беріп, партияның ұстанымын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да
өзара сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, мұндай кездесулер
өндіріс секторы мен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді тікелей
талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)