24 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай облыс көлемінде өтетін
мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысу мәселесін нақтылау мақсатында «Ақ жол»
демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесі арнайы жиналыс
өткізді.
Жиналыс барысында белгіленген іс-шараларға жастар кеңесінің мүшелерінің
қатысу тәртібі, жауапты өкілдер және дайындық жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ,
ұйымдастырушылық қолдау көрсету мен ақпараттық насихат жүргізу бойынша
ұсыныстар айтылды.
Мұндай отырыстар – жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, ұлы Абайдың
рухани мұрасын кеңінен насихаттауға сеп болмақ.

