24 маусым 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін кезекті рет ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды - бұл туралы мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен өңдеуін дамыту мәселелеріне арналған Мәжілісте өткен үкімет сағатында Азат Перуашев мәлімдеді.
Ол ұзақ мерзімді және қолжетімді қаржыландырудың жоқтығынан өндірісі айтарлықтай қолдауға мұқтаж болған «ПОШ-Тараз» ЖШС (жүннің алғашқы өңделуі) мен «ТаразКожОбувь» ЖШС-нің жағдайларын мысал ретінде келтірді.
«Қазір біз жаңа инвесторларды тарту туралы айтып жатырмыз. Бұл жақсы. Ал, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының толық жүктемесінің жоқтығын не істейміз? Олардың көпшілігі қазір тығырыққа тірелген. Олар жаңа жабдықтар сатып алып, жаңа сапа стандарттарына қол жеткізе алуы үшін қолданыстағы қуаттылықтарды модернизациялау бойынша мәселелерді пысықтау қажет. Шикізатты сатып алу және өңдеу үшін айналым қаражаты қажет.
Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл субсидияға байламастан, тікелей егіс науқанына әдеттегіден 5-6 есе көп қаржы бөлді.
Бұл өте маңызды мәселе, біз ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге де осындай механизмді енгізуді сұрар едік, әйтпесе әртүрлі бағдарламалар жарияланып, кейін қаржы бөлінбей қалады.
Алайда, егер бүкіл ауыртпалық бюджетке түссе, жеке банктер қайда деген сауал туындайды? Неліктен олар тек тұтынушылық несиелерге ауысып кетті? Жеке инвестициялық қорлар қайда?
Агроөнеркәсіп кешеніне кіруі үшін банктерге де шарттар қойылуы керек.
«Ақ жол» фракциясы Агробанк құру мәселесін қайта көтеріп отыр – бұл туралы көп жылдан бері біз де, «Ауыл» фракциясы да айтып келеміз.
Бізге осындай банк керек, әйтпесе тағы да бюджет есебінен бәрін шешіп отырмыз. Министрліктің бұл мәселеге қатысты ұстанымы толығымен анық емес. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі де, Қаржы министрлігі де, Сауда министрлігі де – бүкіл Үкімет қазірдің өзінде агроөнеркәсіп кешенін қолдауы керек», – деді «Ақ жол» лидері Азат Перуашев.
Еске салайық, «Ақ жол» демократиялық партиясы өзінің Саяси бағдарламасы мен ұсыныстарында ауыл шаруашылығын қолжетімді қаржыландыру үшін барлық ауылдық жерлерде филиалдары бар Агробанк құруды бірнеше рет талап еткен болатын.